Бәрекелді!
Ұстазды құрметтеу жалпы мұсылман жұртында жоғары болған. Ескендір Зұлқарнайын: «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым», – деп еске алса, көркем мұрасы әдебиетіміздің асыл қазынасына айналған Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиямыздың асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді өз жаңалықтарымен байыта өрнектеген.

Жақында ұлағатты ұстаздың мерейі тасыды. Еңбектің еленгені деген осы шығар?! Саналы ғұмырының басым бөлігін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнап келе жатқан ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы орта мектебінің директоры Рысбай Арисов марапатқа ие болды. Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен кәсіптік және өзге де мерекелер заңына сәйкес ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Елеулі еңбегі үшін» «Абай Құнанбайұлы» медалімен марапатталды. Қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы медалді табыстай отырып, еңбектерінде кәсіби табыстар тіледі.
Ұстазды қадірлеген ұрпақпыз. Ендеше, Рысбай Арисовқа еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз деген ақ тілектеміз.
«Түркістан-ақпарат».