ЖАҢАША МҮМКІНДІКТЕРІ БАР КОМПЬЮТЕРЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

811 көрілім

Әлемді жайлаған пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылып жатқан оқушыларды техникалық байланыс құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттерден компьютерлер пен ноутбуктар, планшеттер сатып алынып, құрылғыны қажет ететін оқушыларға таратылып жатқаны туралы бұдан бұрын да бірнеше рет хабарлаған болатынбыз. Бүгін қаламызға осындай құрылғылардың тағы бір легі келіп, мектептерге таратылды.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан тиісті санаттағы оқушыларды компьютерлік техникалармен қамтуға арналған «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» бағдарламасы аясында сатып алынған компьютерлер жаңаша мүмкіндіктерге ие. Қолдануға қажетті барлық жабдықтары бар компьютерлер қосымша екі айға жетерлік тарифтік жоспарымен, wi-fi роутермен, құлаққап, веб камерамен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жаңа құрылғылардың бір ерекшелігі, орнатылған арнайы бағдарлама компьютердің қайда орналасқанын, оның қалай пайдаланылып жатқанын бақылай алады.
Бұл техникалық құрылғылардың ерекшеліктерін арнайы құрылған комиссия мүшелері мен мектеп өкілдеріне Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің әдіскері Талғат Шегенбаев түсіндіріп өтті.
Мектептерге жеткізілген компьютерлер қажетті бағдарламалары енгізіліп болғаннан кейін оқушыларға жеткізілетін болады.
Айта кетейік, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан жалпы саны 566 компьютер мектептерге жеткізілді. Алдағы уақытта яғни осы айда басқарма тарапынан тағы 4000-нан аса ноутбуктер оқушыларға жеткізіледі деп күтілуде.

Шынар БОЛАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы