ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

791 көрілім

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2020-2021 оқу жылының академиялық ашылу салтанаты өтті. Университеттің Өкілетті Кеңесінің ұйымдастыруымен онлайн режимде өткен іс-шара Мәдениет орталығының үлкен залында болды. Аталған шара барысында Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушолы онлайн байланысқа шығып, оқу ордасының ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, лекция оқыды.

Мевлют мырза Абай Құнанбаевтың «Білімсіз ақірет те жоқ, дүние де жоқ» нақылына тоқталып, данышпан ақынымыздың ғылым-бiлiм турасындағы даналығына ден қоя сөз бастады. Жаһандық мәселелердi кеңiнен қаузап, коронавирус жағдайындағы дүние дидарын шебер сипаттап өтті. Онлайн-кездесу соңында министрдiң иығына шапан жабылып, құрмет көрсетiлдi. Университет ректоры Болатбек Абдрасилов бастаған университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамымен қатар білімгерлері қатысқан іс-шара әлеуметтік желілерде де тікелей эфирде көрсетілді.

Анкара мен Түркiстанды жалғаған һәм қашықтан болса да рухани жақындық айқын сезiлген сұхбаттан жиынға қатысушылар көп жәйтті көкейге түйді.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы