Латын әліпбиі әлі талқыланып жатыр, жылдың соңына дейін бекітіледі деп жоспарлануда. Облыста 2019 жылы 3000 жуық адамды қазақ тілін латын графикасымен жазуды оқыттық. Биыл жыл басынан оқытуды тоқтаттық, себебі, латын графикасына өзгерістер енгізілуіне байланысты тоқтата тұру туралы тапсырма келді. Бірақ, жалпы насихат жұмысы тоқтаған жоқ. Облысқа қарасты аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, тілдерді оқыту орталықтары қызметкерлері тарапынан әлеуметтік желіде материалдар жарияланып тұрады. Биылғы жылдың ақпан, наурыз айларында латынды талқылауға байланысты ғалымдармен, тіл саласы мамандарымен семинар өтті.
Маусым айында латын әліпбиімен оқытуға байланысты онлайн семинар өтті. Облыстағы тіл окыту орталықтары қызметкерлерінің катысуымен өткен семинарда Қарағандының, Қызылорда, Қостанай, тағы басқа облыстардың тіл оқыту орталықтарының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Нұргүл ЖАҚСЫЛЫҚОВА,
Түркістан облысының мәдениет басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің басшысы