Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған кезеңінде «Қашықтықтан оқыту жүйесі» мұғалім мен оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады. Алайда толыққанды қашықтықтан оқуға алғашқыда қиындықтар туындағанымен ақырындап бір жүйеге қалыптасуда.
Мектебіміз екі ауысымда, яғни 8:30-да (мектепалды даярлық топ және 1-9 сыныптар), 14:00-де (10-11 сынып оқушылары) қашықтықтан білім алуда. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары «Балапан», «Ел арна» телеарналардағы сабақтарды қолдануда. Қосымша «DARYN-ONLINE», «BILIMland.kz» онлайн платформаларын қолданып отыр. Мектептің «YouTube» каналына мұғалімдер бейне сабақтарын жүктеп, сілтемелерін оқушыларға «WhatsApp» арқылы жіберіп отыр. Мұғалімдер «Kundelik.kz» электронды журналын толтырып, «WhatsApp» мессенджерлерін қолданып оқушылармен кері байланыс орнатуда.
Мектеп директорының мектеп әкімшілігімен апталық лездемесі, сынып жетекшілері мен тәрбие ісі орынбасарларының апталық жиналыстары «ZOOM» бағдарламасы арқылы жұмыс жүргізілуде.
«ZOOM» бағдарламасын қолданушылардың көптігіне байланысты, сабақ барысында техникалық ахуалдардың жиілігіне байланысты тиімсіз болды. Нақтырақ айтсақ, сабақтың үзіліп кетуі, кейбір қолданушыларды конференциядан шығарып жіберуі «ZOOM» бағдарламасын қолданбауға себеп болып отыр.
Иә, бізге үлкен жауапкершілік жүктелген, мектептің электронды күнделігінің жұмысын атқару, бүкіл электронды оқу платформаларымен жұмыс жүргізіп, зерттеп мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Біз өз мамандығымыздың жауапкершілігі мол екендігін түсініп және осы қиыншылықты бірлесе жеңіп өтеміз, – деген ойдамыз.
Мадихан ИСКАКОВ,
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының IT маманы.
