ҰСТАЗДАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ

765 көрілім

Біздің компаниямыз, TOO «DS Group» IT саласында, бағдарлама, мобильді қосымша жасау және де видеороликтер түсірумен айналысамыз. Қашықтан оқытуға келетін болсақ қазір ешқандай шектеу қойылып жатқан жоқ, оқушы мен мұғалімдерге ыңғайластырып жатыр. Мен өзім қашықтықтан оқытуға араласып, қатынасқан жоқпын. Жалпы әлемдегі көп мемлекеттер, оның ішінде біздің мемлекетте онлайн оқыту жүйесіне толық дайын емес еді. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты мәжбүрлі түрде өтуге тура келді. Бірақ басқа мемлекеттермен салыстырғанда бізде онлайн оқуға өту салыстырмалы түрде қарқынды келе жатыр. Мысалы: білім беру платформалары, телеканал арқылы сабақ, мессенжерлер арқылы түрлі технологияларды жақсы пайдалануда. Енді, «ZOOM» жүйесіне келетін болсақ, бұл программа біріншіден тек интернет арқылы істейді, екіншіден интернет трафикті көбірек жейді. Егерде «ZOOM»-нан бас тартып жатса, басқа да программаларды пайдалануға болады. Мысалы: «skype», «mircosoft online learning» т.б да жолдары өте көп.

Мен ұсынатын инструменттер: 1. «Google classroom» бағдарламасы бұл программаны пайдаланса, сабақ бере алады, баға қоя алады және т.б. 2. «Instagram» желісі арқылы, тікелей эфирде сабақ өтуге болады. 3. «Youtube»-да видео конференцияны пайдалануға болады. 4. «Skype» бағдарламасында ұсынуға болады.

Осындай жаңа технологиялық инструменттерді пайдаланып сабақ өту мүмкіндіктері бар. Қазір біздің кейбір мобильді операторлар «Instagam», «Youtube» желілеріне интернет трафигін алып жатқан жоқ.

Тілші түйіні: Қалай болғанда да, еліміздің оқушылары жаңа жүйе бойынша білім алуда. Қазіргі таңда түрлі сын-ескертпелердің айтылып жатқаны бар. Себебі, төтенше жағдайдың салдарынан еш дайындықсыз көштік. Бастысы – оқушылар білім алудан қол үзбеу керек.

Қалай болғанда да, қол жетімді барлық мүмкіндікті пайдаланып, үлкен жауапкершілікпен осы қиыншылыққа мойымай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлесе еңбек атқарып жатқан ұстаздарға сәттілік тілейміз.

Серік ДАНЫШБАЕВ,
TOO «DS Group» компаниясының бас директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы