ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

1  208 көрілім

Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған шақырым бөліп тұрған мұғалім мен оқушы арасын байланыстырушы болып табылады. Оқыту интернет желісінде және басқа да заманауи байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Қазір оқушылар көбінесе «WhatsApp», «YouTube», «bilimland.kz», «daryn.online. kz» платформаларын пайдалану арқылы қашықтықтан оқып жатыр. Қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісінің баяулығы ғана байқалады. Оқушылар өздеріне қосымша «Балапан», «Ел арна» телеканалдарының да сабақтарын пайдалануда. Жақында «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан да 1-6 сыныптарға сабақ кестесі қойылып, оқушылардың пайдалануына ұсынылды.

Мектептерде «zoom» бағдарламасын пайдаланып жаткан жоқпыз. Өйткені, «Zoom» бағдарламасы онлайн болғандықтан қиындық туғызды. Оқушылардың барлығында смартфон болмауы және үй жағдайында интернет желісі толық қосылмағандықтан «Zoom» бағдарламасы қолжетімсіз болды. Сондықтан сабақ онлайн түрінде емес қашықтықтан оқытылып жатыр. Онлайн тікелей эфир алдында оқушыларды жинап алып оқытады. Ал қашықтықтан оқытуда оқушыларға ресурстарға тіркеліп, сондағы тапсырмаларды орындап, баға алады.

Жадыра ҚОЖАБЕКОВА,
Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің IT маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы