ПРОГРАММИСТ МАМАНДАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА

790 көрілім

 Қалалық Адами капиталды дамыту бөліміне қарасты 39 мектеп (32 мемлекеттік, 6 жекеменшік, 1 кешкі мектеп) қашықтан оқыту жүйесі бойынша жұмыс жасауда.

Қашықтықтан оқыту бағыты бойынша ТВ телеарналардан оқушыларымыз 10 минуттық видео сабақтарды пайдалануда, қосымша Дарын онлайн және білімленд платформаларының сабақтарын қолдануда. Сонымен қатар, телеарналар мен платформада жоқ қосымша пәндерді ютуб каналдарынан жүктелген сабақтардың сілтемелерін алып жаңа сабақтарға пайдалануда.

Ал, жалпы сыныппен әр пән мұғалімдері ватсап чаттарда жұмыс үйлестіруде. Яғни, тапсырмалар беріліп, кері байланыс орнатуда.

Мұғалімдеріміз 2018 жылдан бері «Kundelik.kz» сайты арқылы бірыңғай электронды күнделікті қолдануда. Сондықтан, электронды журналды жүргізу І, ІІ, ІІІ тоқсандарда «Kundelik.kz» сайты арқылы жүргізілгендіктен Түркістан ұстаздары үшін ІV тоқсанды да осылай жүргізген тиімді болып отыр.

Ал, онлайн сабақтарды ұйымдастыру дұрыс жүйе болғанымен, оқушылар үшін қазіргі таңда тиімсіз (ZOOM, classroom, Jitsi meed және т.б.) болып отыр. Себебі, сабақ уақытында барлық оқушының интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені, 3-4 мектеп оқушысы бар көпбалалы үйдің ата-анасында ғана смартфон болуы мүмкін. Оның үстіне, тағы ата-ана үшін тиімсіздігі, смартфондарға арналған 1 айлық тарифтері бірнеше сабақтардан кейін таусылып қалуы жиі орын алуда.

Мектептердегі компьютерлер мен ноутбуктер мұғалімдер мен оқушыларға уақытша пайдалануға ұсынылды. Атап айтсақ, кажет еткен мұғалімдерге 312 компьютер, ал, окушыларға 452 дана компьютер берілді. Алғашқыда оқушылар тарапынан компьютер сұрағандар көп болатын. Кейін оған қосатын интернеттері жоқ болған соң қажет емес деп бас тартты.

Дегенмен, кейбір мектеп ұжымдары өздері ұйымдастырып смартфон және интернет тарифтерін төлеп берді. Соның ішінде, Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің 20 жыл бұрын бітірген түлектері осындай жақсылықтар жасады.

Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектеп ұжымы 1 оқушыға демеушілік жасап, интернет трафигін қостырып берсе, №26 жалпы орта мектептің бір мұғалімі демеушілік жасап өз оқушысына үйіндегі смартфоны мен интернет трафигін қосып берген.

Сондай-ақ, №27 жалпы орта мектепте де 1 отбасыға 1 смартфон мен трафик косып берілген. Осы мектеп ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға материалдық жағынан көмектесіп, смартфон және тарифін де қосып берді.

Иә, білім ошақтарында жағдайы төмен бір-екі отбасылар болады, ондай мәселені мектеп ұжымдары өздері шешуде. Бұл мектеп ұжымдарының ұйытқы болуымен жасалынып жатқан игі тірліктер.

Талғат ШЕГЕНБАЕВ,
қалалық Адами капиталды дамыту бөлімінің информатика пәнінің әдіскері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы