БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ОЙЛАҒАНЫМЫЗ АБЗАЛ

954 көрілім

Жалпы қашықтықтан оқыту біз үшін алғашқы тәжірибе болғандықтан, кемшіліктер жоқ емес, болды. Дегенмен сабақты жоспарлағандай өтіп шықтым. Оқушыларға да алғашқы қадам болған соң ба, әлде қызық көрінді ме, сабаққа белсене қатысуда. Оқушылардың басым көпшілігі берілген ресурстарды қарап, оған кері пікірлер айтып, салыстырмалы болжамдар айтуда.

Тапсырмаларды орындау барысында кездескен қиындықтарды шешудің жолдарын мұғалімдермен бірлесе қызу талдау жүргізудеміз. Барлық оқушылар уақыттарын үйлестіріп маңызды сабақтарға қатысуға тырысып бағуда. Кейбір оқушылардың кері байланыс кезінде «әттең жүгіріп барып сұрағанға жетпейді екен» деген пікірлері де болды. Біз ұстаздар қауымы әрқашан қиындықты бірлесе жеңеміз.

Осы орайда айтарымыз, елдегі жағдайға өз тарапымыздан қолдан келгенше түсіністікпен қарап, қолдау керекпіз. Елімізде алғаш рет қашықтықтан оқыту болып жатқандықтан, кем-кеттік жерлері болуы мүмкін. Соның бәрін түсіністікпен қабылдауымыз қажет. Әрі мынадай жағдайда ең бастысы, үйде болып, өзіміздің және балаларымыздың денсаулығын ойлағанымыз абзал.

Нұрбол НҰРЛЫБАЕВ,
С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы