Иә, алғаш рет қашықтықтан сабақ өттім. Сабақ 5 сынып пен 11 сынып аралығында болды. Қиыншылықтар интернет желісінің төмендігі болды. 5 сыныпқа жаңа сабақты түсіндірдім. Оқушыларға алғаш рет болған соң қызық болды. Сұрақтарға жарыса жауап берді, жаттығуларды дәптерлеріне жазып көрсетіп, түсінбеген сұрақтарын қойып отырды.
Оқушылар бір-бірінің қателерін де түзеп кері байланыстарын беріп отырды. Сондай-ақ, 7 сыныпта да сабақ қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар өз ойларын аудио арқылы жеткізіп те отырды. Бір біріне сұрақ қоюға да тырысады. Менің ойымша қашықтықтан оқытудың тағы бір жақсы жағы ұяң оқушылар мұғалімді көрмеген соң өз ойларын еркін айтты. Мектепте ұялатын оқушылардың белсенділік танытқанына қуандым.
Жалпы айтқанда алғашқы сабағым өз мақсатына жетіп оқушыларға түсінікті болды деп ойлаймын. Иә, барлық оқушылар смартфонмен қамтылған кейбір оқушылар ата -анасының ұялы телефондарын қолданды.
Мухаббат ТӨЛЕШОВА,
Ататүрік атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі