ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ӨТУДЕ?

672 көрілім

Қашықтықтан оқытқан  сабағыма оқушыларым түгел қатысады. Қашықтықтан оқытуда «Балапан» телеарнасынан берілген сабақтарды оқушыларыммен бірге қарадық.Телеарнадан берілген сабақ оқу бағдарламасына сай, біздің күнтізбелік жоспарымыздағы тақырыппен өтті. Әрі қарай сабақты жалғастырып кетуде ешқандай қиындық туындаған жоқ.

Оқушылардың ата – аналарымен алдын ала түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ZOOM платформасында ата – аналар жиналысын өткіздім. Жиналыста қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асатынын түсіндірдім. Ата – аналар тарапынан оқушыларды интернет желісімен, смартфондармен қамту бойынша ешқандай мәселе туындаған жоқ. Жалпы сыныбымда 31 оқушы бар. Оқушылармен алдын ала өткізген сынып сағатында телеарна сабақтарының кестесі берілген болатын.

Қашықтықтан оқытқан  сабағыма оқушыларым түгел қатысады. Мектепті сағынып қалған балаларым тапсырмаларды белсене орындап отырады. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан ата – аналар тарапынан смартфондармен жұмыс істеуде көмек болады. Сұрақтарыма ауызша аудиохабарлама арқылы жарыса жауап береді. Жазба жұмыстарын өздерінің жұмыс дәптерлеріне орындап, маған суретке түсіріп жіберіп отырады. Мен жұмыстарын тексеріп, кері байланыс жасап отырамын.

Бір үйде бірнеше баласы бар ата – аналарға үй тапсырмасын келесі сабаққа дейін жіберулеріне болатыны хабарланды. Алғашқы күннен қиындық тудырмаған жаңаша оқыту жүйесін әріптестеріммен бірге абыроймен алып шығатынымызға сенімдімін. Сабақтан кейін ата-аналардың өздері кері байланыс беріп жатты. «Отыз баланы оқыту қандай қиын екенін енді түсіндік. Өйткені, алдымыздағы бір баланы әрең оқытып отырмыз. Балаларымыздың мектепке барып оқығаны әлдеқайда жақсы екен» деп, өздерінің пікірлерін жеткізді.

Гүлшат ШЕРЕХАНОВА,
М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы