ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛІМЖЕТТІКТІ БОЛДЫРМАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

562 көрілім

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңының орындалуы қалалық білім бөлімінің ерекше назарында тұрған ең күрделі және қатты алаңдаушылық тудырып отырған мәселелердің бірі. Жасөспірімдер мен балалар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында көптеген шаралар атқарылып келеді десем қателеспеймін. Атап айтсам, Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың қалалық полиция басқармасы және адами капиталды дамыту бөлімімен біріккен жаңа оқу жылына жұмыс жоспары бекітілген. Сонымен қатар, қала әкімінің өкімімен кәмелетке толмағандар туралы Заңнамаларын ескере отырып Түркістан облысының прокуратурасы, облыс әкімдігі, полиция департаменті және қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен «Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мен жолын кесу жөнінде 3 мобильдік топ құрылған. Құрамына прокуратура қызметкерлері, қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, мектеп директорлары және полиция басқармасының мамандары кіретін топ жүйелі жұмыс атқарып келеді. «Түркістан қауіпсіз қала» бағдарламасы да жасөспірімдердің тәрбиесін жіті бақылап отырады. Ал, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жандандыру мақсатында ұйымдастырып келе жатқан «Отбасы құндылықтары» тақырыбындағы кездесулері де жастар тәрбиесіне зор әсер етуде. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен балалар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмекші топ ретінде қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларынан «Жас полиция» топтары және білім ошақтарының белсенді әкелері, қалалық қоғамдық ұйым мүшелері, ардагерлер және ақсақалдар кеңестерінің мүшелерінен «Әкелер мектебі» құрылған. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің болашағы – жас өрендерімізді мәдениетті болуға, жастар арасындағы әлімжеттікті болдырмауға арналған.

А.БАТЫРБЕКОВА,
қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы