ТІЛІМІЗ БАСҚА БОЛҒАНЫМЕН ТІЛЕГІМІЗ БІР, ЖҮЗІМІЗ БАСҚА БОЛҒАНЫМЕН ЖҮРЕГІМІЗ БІР

773 көрілім

Мен үшін бірлік, бейбітшілік және тұрақтылық деген ұғым – өзара түсіністік, өзара көмек, мемлекетте тұратын халықтар арасындағы достық, Отанымыздың өркендеуіне деген үлкен ықылас деген сөз.

Бірлестіктің басты мақсаты ұлттардың этникалық ерекшелігін, мәдениетін, славяндардың тілдерін сақтау, Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы татулық пен достықты нығайту. Сонымен қатар басқа этно-мәдени бірлестіктермен тығыз байланыстамыз. Біз бір-бірімізді әртүрлі сайыстар мен іс-шараларға шақырып, аймақ аралық, республикалық жарыстарға қатысып тұрамыз. Карантин кезінде де біз интернетте жұмыс жасаймыз. Барлық іс-шараларға тұрақты қатысамыз. 10 тамызда өткен Абай Құнанбаев күніне арналған мерекеге құрметпен дайындалдық. Қыздарымыз республикалық фестивальге қатысып, ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.

Елімізде орын алған індетке біз де бей-жай қарамадық. Бұл жағдай өте қорқынышты болды, отбасымыз бен туыстарымыз үшін алаңдадық. Мұндай жағдайда адамдардың психологиялық және эмоционалды қолдауы тіпті маңызды. Сондықтан, біздің тарапымыздан қолдауды қажет еткен ауырған жандарға қолдан келген көмегімізді бердік.

Біз ұлтқа бөлінбей бүкіл халқымыз үшін алаңдадық. Бұл індет Қазақстандағы барлық отбасыларға әсерін тигізді. Өкінішке орай көптеген достарымыздың, әріптестеріміз бен көршілеріміздің туыстарының өмірін қиды. Біз оларға шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғы бізді жақындата түсті. Көп азапқа толы күндер болды, жұрт жақындарынан айырылды. Баршаңызға денсаулық, шыдамдылық және бұл індеттің тезірек бітуін нәсіп қылсын.

Қазақстандағы ұлттар достығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүрміз. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-туыстарындай көреді. Сондықтан, біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз.

Қазақ тілін білу – достықтың кілті, ынтымақтастың бастауы деп білемін. Мемлекеттік тіл – біздің ортақ құралымыз, қарым-қатынас тілімізге айналды. Достарым әртүрлі ұлт өкілдері болса да бір-біріне қамқор, жанашыр, тілекші. Бір-бірінің басына қиындық түссе бөліседі, қуаныш болса ортақтасады. Біздің тіліміз басқа болғанымен тілегіміз бір, жүзіміз басқа болғанымен жүрегіміз бір.

Ирина ЧЕГАНОВА,
славян этно-мәдени бірлестік төрайымының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы