ЫНТЫМАҚ – ҚАСИЕТТІ ҰҒЫМ

577 көрілім

Еліміздегі барлық этнос өкілдерін тіліне, дініне қарамастан, бір мүдде аясында әлеуметтік-экономикалық даму жолына жұмылдыра білген қазақ даласы жаһандық кеңістіктегі тұрақтылық пен бірліктің үлгісіне айналды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның ішінде, этно-мәдени бірлестіктер қоғамда маңызды рөл атқарды. Осы арқылы елде барлық этностың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты механизмі жүзеге асырылып келеді.

Осы этно-мәдени бірлестіктер өзара тығыз қарым-қатынас орната отырып, жыл сайын ұлттық мәдениет күндерін өткізеді. Елімізді мекен еткен этнос өкілдері Қазақстанды ортақ қарашаңырағымыз деп мақтан етеді. Иә, ел аумағындағы 130-дан аса ұлт өкілі Қазақстанды өз Отаным деп біледі. Олардың барлығы қазақтармен етене араласып, туыстай болып кеткен. Түрлі деңгейдегі мерекелер мен іс-шараларға белсене қатысады. Мұның өзі елдегі тұрақтылық пен бірліктің шынайы көрінісін айғақтайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге елдерде қантөгістер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?, Қазақстанның болашағы тек қана халықтардың ынтымағында» – деп бағыт сілтеді.

Ендеше, бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты.

Ләззат ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы