ЖАҢА ЖАЙДА ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСЕДІ

1  476 көрілім

Қазақы қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірінің еліміз тарихында алар орны үлкен. Қазақтың ғана емес игі түркі халықтарының рухани орталығы саналатын Түркістанның өзі бір төбе. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымындағы Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы болып орталығы Түркістан қаласы болды. Соған байланысты, 2014 жылдың желтоқсанында Елбасы қатысуымен бұрынғы облыс орталығы Шымкент қаласынан ашылып, 2017 жылы «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілген мекеме, 2020 жылдың 13 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы жаңа әкімшілік – іскерлік аймағында бой көтерген «Көпсалалы Конгресс холл»​ кешені ғимаратына көшірілді.

Таяуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Түркістанға сапарында «Көпсалалы Конгресс Холл» кешеніне барды. Елбасы концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да шараларға арналған көпсалалы мәдени объектімен танысты. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі ұсынылды.

Ғалымжан Бақытжанұлы Ерназаров басқарып отырған жаңа ғимаратта 1000 орындық көрермендер залы, төрт дайындық бөлмелері, әкімшілік кеңселері, 400 адамға арналған мейрамхана, 50 орындық вестибюль (буфет) және балаларға арналған ойын бөлмесі бар.

Үш қабаттан тұратын Түркістан облыстық​ ​ көпсалалы (Конгрессхолл) кешенінің жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды. Ғимарат қазақ мәдениетінің символы – Ясауи кесенесінің сыртында бейнеленген мозаика типтес безендірілген. Ғимараттың іші жоғары деңгейдегі техникалық құрылғылармен және қондырғылармен жабдықталған.​ ​Көпсалалы кешенде мемлекеттік ресми іс-шаралар​ мен форумдар, мәжілістер мен кездесулер, съездер мен семинар-тренингтер,​ байқаулар мен фестивальдерді​ облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізумен қатар концерттер, шоу-бағдарламалар, көрмелер, мерекелік жиындар өткізуге барлық мүмкіндік жасалған.

Түркістан қаласында бой көтерген заманауи үлгідегі «Көпсалалы Конгресс Холл» кешені жоғарыда көрсетілген қызмет көрсету түрлерінің сапасын көтеру арқылы Халықаралық сапа стандартының сертификатына лайық болу мүмкіндігін алады. Сол арқылы қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне өтіп, Қазақстанда, соның ішінде Түркістан қаласында ұлттық колоритті сақтай отырып, мәдениет пен өнерді дамытуға зор үлесін қосады, өзге мемлекеттерден келетін ресми-бейресми делегацияларды, қала тұрғындары мен қонақтарының талғамы мен тілегін қанағаттандырады. Қала жастарына кешкі уақытта фильм көрсету мүмкіндігі тағы бар. «Көпсалалы Конгресс Холл» кешенінің ұжымы жаңа мекенжайда жұмысты жаңаша ұйымдастырып, халыққа рухани және мәдени қызметтің сапасын арттырып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз саласы бойынша қомақты үлесін қоса беретін болады.

Меруерт МАНАТОВА,
«Көпсалалы конгрес холл» кешені шығармашылық бөлімінің басшысы міндетін атқарушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы