- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Өрт кезінде ең қорқыныштысы – сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасыз. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білуі керек. Олармен таныс болыңыздар, мүмкін күндердің күнінде бұл сіздердің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалар.
– Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.
– Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (101 телефоны, көршілер, радиостанция, қызметтік автокөліктер, полиция, жедел жәрдем, авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.
– Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.
– Бастысы – кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.
– Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз, себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.
– Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекен-жайды, қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар санын) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.
– Егерде үстіңізде киім жана бастаса, жүгіруші болмаңыз, себебі жалын одан сайын лапылдауы мүмкін;
– Жанып жатқан киімді үстіңізден дереу шешуге тырысыңыз;
– Маңайда көлшік немесе қалың қар болса, соған сүңгіңіз;
– Жоқ болса, жерге құлап, жалын сөнгенше аунаңыз;
– Үстіңізге қалың мата жабыңыз, бірақ басыңызды ашық қалдырыңыз;
– Дәрігерге қаралмай, күйген жерлерден киіміңізді шешуге тырыспаңыз.
Егер де подъезде өрт болса:
– Подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін;
– Ең алдымен «101 немесе 4-24-01» телефонына ӨРТ сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз;
– Төменге қарай жіппен, ақ жаймамен, су құбырымен түсу өте қауіпті. Терезеден секіру мүлдем қауіпті;
– Үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз;
– Ең қауіпсіз жер – балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз.
Ж.ОРАЛБАЕВ,
Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры.