“ТҮРКІСТАН” ГАЗЕТІНЕ – 90 ЖЫЛ!

1  629 көрілім

Мерейтой құтты болсын, әріптестер!

2017 жылдың қараша айынан бастап қаламыздағы қарашаңырақ басылым «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің директор-редакторы қызметін Мәлік Жұмаханұлы Дәулетов абыроймен атқарып келеді.

Бойынан қашанда адамгершіліктің иісі аңқып, білімділіктің қарымы көрініп тұратын ізгі ниетті азамат. Ең әуелі басшы тұрғысынан тындырған істері жетіп артады. Газетіміздің үлкен формат-та, жаңа дизайн үлгісімен оқырман қауымға жол тартуы үлкен бастама болды. Қала тұрғындары жылы қабылдап ерекше бағалады. Сонымен бірге газеттегі мақала мазмұндарына реттеу жүргізе отырып, нақты тақырыпты арқау еткен, келелі дүниелерді сарапқа салған, тұрғындардың мұң-мұқтажын жоқтаған, жұрт игілігінің жүгін көтерген материалдарға баса назар аударды. Әрбір мақаланы оқып, ондағы кемшіліктерді, жетпей тұрған жерлерін көрсетіп сапалы дүниелер беруді мықтап қолға алды. Енді осы бір жауапкершілікті сезініп, шынайы ұқыптылық танытып келе жатқан қасиеті мақтауға тұрарлық. Бүгінде заман талабына сай газеттің сайты ашылып, жұмысын жүргізуде. Қашан болмасын бүйрегі бұрылып, қолынан келсе жақсылық жасап, кішіге аға, үлкенге іні болып жүретін жақсы қасиеттерін үнемі көріп жүрміз. Әлде біреулерге істеген жақсылығын бұлдамайтын асыл қасиеті тағы бар. Жас та болса журналистика саласының білгір маманы болып үлгерген іскер жас. «Жас келсе іске» дегендей, қарым – қабілеті мол, іскерлік қасиеті өзгеше Мәлік Жұмаханұлы Дәулетов басқарып отырған газет ұжымының ынтымағы жарасқан, бірлігі мықты.

Ендеше, «Түркістан», «Туркистон» газеттерінде қажырлы еңбек етіп жатқан барша әріптестерімді құтты қарашаңырағымыздың 90 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Мерейтой құтты болсын әріптестер!

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы