«Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» тақырыбындағы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған биылғы дәстүрлi Жолдауында он мiндет қарастырылған. Соның iшiнде тоғызыншы мiндет «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдiгi» деп аталады. Бiз жемқорлықпен күресiп, заңның әрбiр тармағын сақтауға тиiспiз. Сонда мемлекетiмiз дами түсетiнi анық. Жолдауда айтылған он мiндеттiң барлығы елiмiздi өркендету, материалдық-техникалық базасын нығайту, агроөнеркәсiптiк кешендi жаңа технологиялық деңгейге көтеру, қаржы секторын жаңғырту, құрылысқа және коммуналдық секторға қазiргi заманға лайықты технологияларды енгiзу сияқты басымдықтарға ерекше назар аударуға бағытталған. Оны жүзеге асыру үшiн адамдардың бiлiмпаздығына, мемлекеттi басқарудың тиiмдi тәсiлдерiн қолдануға, бизнестi реттеуге қатысты бағытталған заң қабылдауды жылдамдатуға байланысты шараларды бiрiншi кезекте қолға алуды мiндеттедi.
«Тiлiнде ауыр кемiстiгi бар балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-интернатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдiгi – Жолдаудың басты бағыты» атты тақырыпта бiрыңғай сағаты өткiзiлдi. Аталған iс-шара аясында мекеменiң бастауыш кәсiподақ төрайымы Ақсұлу Бекенбаева «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдiгi – Жолдаудың басты бағыты» тақырыбында баяндама оқыды. Жолдаудың әрбiр саласына орай жүзеге асыруға тиiстi мiндеттермен жан-жақты танысқан мектеп-интернатының ұстаздары Жолдауды қолдайтындарын бiлдiрiп, өз ойларын ортаға салды.
Света БАЙМАНОВА,
облыстық тiлiнде ауыр кемiстiгi бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының кiтапхана меңгерушiсi.