Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының арнайы тапсырмасына орай, балалардың жазғы демалыстарын тиiмдi пайдалану мақсатында Түркiстан қаласы мен оған қарасты ауылдық округтердегi 65 мешiттердiң 41-iнде жазғы сауат ашу курстары, лагерлер ұйымдастырылып, дәрiстер оқытылуда.
Негiзi сауат ашу курстары ақысыз түрде тегiн оқытылады. Сауат ашу курсының мақсаты – өсiп келе жатқан бүлдiршiндердiң Алла Тағалаға деген құштарлығы мен құлшылығын ерте жастан ояту, ата-анаға деген құрметiн және санасына дұрыс сенiм ұялата бiлу, дiни сауатын қалыптастыру, терiс ағымдардың алдын алу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру. Жазғы сауат ашу курстарында 30-40 шақты бала бар.
Дәрiстер сейсенбi, бейсенбi және сенбi күндерi бесiн намазынан соң өтедi. Осы күнге дейiн қаламызда ұйымдастырылып жатқан Құран оқу жарыстарынан жүлделi орындар алған шәкiрттерiмiз де жоқ емес,-дейдi «Тұяқбай ата» мешiтiнiң имамы Айдан Бақтияров.
Негiзiнен балалар сауат ашу курсына ата-аналарының өтiнiшi бойынша ғана қабылданады. Себебi жас ұрпақтың қазiр дiн атын жамылған радикалды ұйымдар мен жат дiни ағымдардың жетегiне ерiп кетпеуiне тосқауыл жасау мiндетi тұр.
Ажар ЖҰМАҒҰЛ.