КЕЛЕШЕККЕ ДЕГЕН СЕНIМДI НЫҒАЙТАДЫ

1  100 көрілім

Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен бiздiң мемлекеттiң қарыштап дамуының бағдарын айқындайды. Бiз жыл сайынғы Елбасы Жолдауын үмiтпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен мiндеттердiң жаңа мүмкiндiктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенiмiн нығайтады.

Жолдаудың бiр ерекшелiгi – бiлiм саласының барлық сатылары бойынша нақты мiндеттер айқындалған. Жолдауда мұғалiмдердiң жалақысы бiлiктiлiгiнiң расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейiн өсетiнi туралы хабарды халық ерекше қабылдады. Елбасымыз орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында үздiк оқытушыларының бейне сабақтары мен бейне лекцияларын интернетке орналастыру керек екенiн атап өттi. Бұл елiмiздiң түкпiр-түкпiрiндегi ұстаздарға қолжетiмдi әрi пайдалы дүние болары анық. Жоғары оқу орнына оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсiптiк кешенiндегi озық бiлiм мен үздiк тәжiрибе сабақтасса, саланың дамуына ерекше үлес болары сөзсiз.

Елбасы Жолдауын терең оқып зерттеуiмiз керек. Тереңдеп ойласаңыз, бұл Жолдау бұрынғы Жолдаулардың үлкен стратегиялардың дамуы соның жалғасы сияқты көрiнедi. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Елбасы бiрнеше жыл бұрын «Мәңгiлiк ел» болу арманымыз бен мақсатымызды айқындап көрсетедi. Әрбiр Жолдауда соған нақты мiндеттер айтылған. Егер бiздің жас мамандарымыз қабiлеттi болатын болса, ертеңгi күнi жаңа заманның жаңа технологиялардың талаптарына сай маман болып шығарымызға сенемiз. Елбасының Жолдауында айтылған бәсекеге қабiлеттiлiктi игерудi де орындаған болар едiк.

Назира МОЛДАБЕКОВА,

«Өркен» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешiсi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы