ҚАРАШАҢЫРАҚ БАСЫЛЫМ – 90 ЖАСТА!

691 көрілім

САРА ЖОЛЫ САЛЫНҒАН БАСЫЛЫМ

  Рухани астанамыз Түркістан шаһарында 1930 жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылым бар. Ол – «Түркістан» қалалық газеті.  Қиын-қыстау заманда алғашқы саны жарық көрген басылым бүгінде өзінің сара жолын, дара жолын айқындап алғандығын сеніммен айта аламын. Сан жылдар бойы еліміздің келелі мәселелерін көтеріп, халық көкейіндегі өзекті тақырыптарды қозғап, жанашырымызға айналғаны жасырын емес. Небір аптал азаматтар басшылық еткен, қызмет жасаған басылымымыздың тарих толқынында аты өзгерсе де, заты өзгермегендігіне куәміз. Себебі, әр санын оқырмандары тағатсыздана күтеді. Қаламыздың тыныс – тіршілігімен қоса жеткен жетістіктерін дер кезінде оқырманға жеткізіп, өзекті мәселелерді де тамтып келеді.

  Қарап отырсақ 90 жыл аз уақыт емес екені анық. Осы жылдар аралығында «Түркістан» газеті тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің, өркен жайған экономикамыздың, ұлт пен ұлыстың, рухани құндылықтардың жаршысы болып келеді. Бұл басылымның ерекшелігі – жарияланған мақалаларындағы пікірдің әр алуандылығында. Көне жылдардан бері жарық көріп кел жатқан төл басылымның қадамы бір сәтте бәсеңдеген емес. Керісінше, соңғы жылдары өрісі кеңейіп, адымы алшақтай түсті. Бұл қаламы қарымды журналистерінің, басшылық етіп етіп отырған Мәлік Жұмаханұлының арқасы деп білемін.

  Түбі бір түркі әлемінің алтын бесігі қасиетті Түркістан өңірінің шежіресін жазып келе жатқан, шаһармен аттас басылымның алғашқы саны жарық көргеніне  90 жыл толған мерейтойы құтты болсын! Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға табыс пен сәттілік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Дүйсенкүл ЖАМБОЛОВА,
Түркістан облысы, Қазақстан халқы
Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы