ДАЛАМНЫҢ ДАРХАН ТҰЛҒАЛАРЫ

1  199 көрілім

Елбасымыздың “Рухани жаңғыру” мақаласы аясында спорт саңлақтарын дәрiптей отырып, ауыл спортын дамыту мақсатында Бабайқорған ауылдық округiнде Абай атындағы жалпы орта мектебiнiң бастамасымен жергiлiктi жерден шыққан спорт саңлақтарымен кездесу ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, әлемнiң үш дүркiн чемпионы Әбсадық Халиллаев, спорт шеберi, xалықаралық жарыстардың жеңiмпазы (кикбоксингтен) Қайрат Мақұлбеков, қазақ күресiнен спорт шеберi, қалалық, облыстық жарыстардың жүлдегерi Сержан Байсбаевтар шақырылды. Мақсат – оқушылар спортшылармен тiкелей жүзбе-жүз сұхбаттасу, көкейлерiнде жүрген сұрақтарға жауап алу.

Аталмыш шараға Бабайқорған ауылдық округiнiң әкiмi, ауыл биi және өзге де қариялары қатысып, спорт саңлақтарына деген өз iлтипаттарын бiлдiрдi.

“Даламның дархан тұлғалары” атты мерекелiк кездесудiң соңында Абай атындағы жалпы орта мектебiнiң директоры И.Адаев келген қонақтар мен шараның жоғары деңгейде өтуiне атсалысқан мектептiң дене шынықтыру пән бiрлестiгi мен ауылдық клуб қызметкерлерiне алғысын бiлдiрдi.

Бағдат НӘЛIБАЕВ,

Абай  атындағы  жалпы  орта мектебiнiң мұғалiмi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы