С.ЕРУБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢДЕРI ТУРАЛЫ

1  424 көрілім

Саттар Ерубаев әдебиеттiң бiрнеше жанрында жазған: роман, новелла, балладалар мен жырлар, сатиралық суреттемелер мен серкесөздер. Сын мақалалары өз алдына бiр төбе. Жазушы шығармалары мәңгiлiк. Өйткенi, сөз танитын қазақтың баяғыдан берi айтып келе жатқан бiр ақиқаты – жазушы шығармаларында тау суындай мөлдiрлiк, алтыншы құрлықтың ауасындай тазалық бар. Саттар шығармалары осынысымен құнды. Тазалық С.Ерубаевтың поэзиялық туындыларында да көрiнiс тапқан. Мысалы ол «Меруерт алқа» атты сүйген жары Меруертке арнаған өлеңiнде:

«Аспандағы күмiс айдай, жас ақынның жары бар,

Аспандағы күмiс айдай, құралайдай жаны бар.

Құралайды, күмiс айды, тура қарап көрiп өт:

Көздерi бар күлiмдеген, күлкiсi бар меруерт…» – деп, шын көңiлден шынайы жыр төгедi. Сонымен бiрге «Мәңгiлiк өмiр туралы жыр», «Орамал», «Өмiр туралы рапорт», «Күзгi фрагмент» және т.б. өлеңдерiнде де iзгiлiк пен iңкәрлiктiң жұпары аңқиды. «Орамал» деген өлеңiнде:

«Бұл өлеңнен артық нәрсе бұл жалғанда таппаспын,

Сен өлесiң алма ағаштай бауырында ақ тастың,

Сен гүлдейсiң, алма ағаштай бұраласың, сынбайсың,

Орамалды: айтшы, қалқаш, қай жiгiтке бұлғайсың?..» – деген ойнақы орамдармен өрнектейдi. Жазушы осы секiлдi тың теңеу, айшықты суреттердi қолдана отырып, сөз ұстаған жұртқа «әдебиет – ардың iсi» екенiн әрдайым еске салып тұратындай.

Ақсүмбе БОСТАНОВ,

С.Ерубаев атындағы музейдiң меңгерушiсi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы