ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ

1  137 көрілім

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы қоғамның қызу қолдауына ие болды. Рухани жаңғырудың негiзгi бағыттары ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарымен жұмыс әр ұжымда iске асырылуда.

Осы мақала өскелең ұрпақтың дамуына аса зор мән бередi. Сондықтан заман талаптарына сай өмiр сүрiп отырған жастардың санасына барлық жақсы қасиеттердi сiңiру мақсатында ұлт көшбасшысының аталған мақаласын iс жүзiнде жүзеге асырылуына қолдау көрсетiп, насихатталуына күш-жiгерiмiздi салып, ықпал ету бiздiң мiндетiмiз.

Рухани жаңғыру тұсында “Туған жер” бағдарламасының да маңыздылығы арта түстi. Қазақ елiнiң әр өңiрiндегi сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертедi. Ал, ел жастары олардың әрбiрiнен хабардар болуы тиiс. Себебi, өз тарихынa терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершiлiгi жоғары азамат болып өседi. Бiздiң мақсатымыз оқушыларға заманауи бiлiм берiп қана қоймай, оларды ел мен жердiң қасиетiн бағалайтын ұлт болашағына сенiммен қарап, ұлы даламыздың ұлағатын бойына сiңiрген, туған топырақтың қадiрiн бiлiп, ауылын қадiрлейтiн және сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретiнде қалыптастыру.

Елбасымыздың алға қойған “Туған жер” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Балалар мен жасөспiрiмдер орталығындағы “Жас өлкетану” бағыты бойынша “Туған өлкем – тұнған тарих” атты үйiрмелер арасында сайыс сабағы ұйымдастырылды. Сайысқа “Атамекен”,“Туған өлке”,“Жас тарихшы”,“Жас археолог”,“Яссауитану” үйiрмелерiнiң мүшелерi қатысты. 5 кезең бойынша өтiлген сайыста оқушылар туған жердiң шежiресiн, туған жердiң тарихын, туған өлкесiнiң географиясын меңгергенi байқалды. “Берекелi елге бақ қонады” демекшi, елдiң ынтымағы бар жерде береке бiрге жүредi. Сондықтан, елiмiздiң керегесi кеңейiп, болашағы жарқын мемлекет болып алға қадам басуына үлес қосу әрқайсымыздың борышымыз.

Индира АНДАСОВА,

Балалар мен жасөспiрiмдер орталығының үйiрме жетекшiсi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы