Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкiндiк бередi.
Бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды бiздiң дамуымыздың ең басты тұғырларының бiрi деп есептеймiн. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерiнде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда бiлiм берудiң рөлi зор.
Әрбiр бiлiмгер өз жерi мен оның байлығының иесi болу үшiн жаңа технологияларды меңгерiп, жаңаша өмiр сүруге үйренудiң жолдарын бiлуге тиiс. Егер қоғамның даму кiлтi бiлiмдi адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететiн болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелерiне бiлiм мен тәрбие берудi жүзеге асыратын мамандар дайындайтын бiздiң бiлiм беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиiс. Ең бастысы, бiлiм беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргiзiлiп, жастардың үш тiлде бiлiм алуына, жаңа технологияларды бiлiм беру жүйесiне енгiзуде бiлiм саласында келелi жұмыстар атқарылуда.
Бiз мұғалiмдер қауымы Елбасының мақаласында айтылған мiндеттердi жүзеге асыруға және де жас ұрпақтың санасына сiңiруге бар күш-жiгерiмiздi жұмсай беремiз.
Мубарак АТАХАНОВА,
Ататүрiк атындағы №17 мектеп-гимназиясының өзбек тiлi және әдебиетi пәнi мұғалiмi.