Rixos Turkistan – отандық инвесторлардың қаржысына салынған, Түркістан қаласының туристикалық инфраструктурасының маңызды салаларының бірі болып есептеледі. Осыны баса назарға алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзілік талаптарға сай қонақ үйде болды.
6 қабаттан тұратын «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» ғимаратында 120 орынға шақталған қонақ үй, бірнеше мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес-орталық орналасуы жоспарланған. Жобаның құны – 10,4 млрд.теңге. Оның ішінде 7 млрд.теңге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарапынан берілген несие қаржысы.
Қонақ үй тәулігіне 60 адамға қызмет көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған қонақ үй кешенінде кіші маркет, шаштараз, дәмхана, монша және дәріхана жұмыс істейді. Одан бөлек, мұнда қонақтарға арналған жеке автотұрақ да қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 600 жұмысшы, 27 техника жұмылдырылған қонақ үй құрылысы үш ауысыммен жұмыс жасауда. 5 жұлдызды қонақ үйдің іргетасына капсула 23 қазанда 2018 жылы «Қала күні» мерекесіне орай салынған болатын.
Түркістан-ақпарат.
