Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы дала елі» орталығында болды. Елбасы «Ұлы дала металлургиясы», «Ұлы даланың атқа міну мәдениеті», «Алтын адам және аң стилі» және «Қазақстан – түркі әлемінің бесігі» атты экспозициялық кешендермен танысты.
Түркістан қаласын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту еткен болатын. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі Түркістан жеріне сәулет өнерінің үздігіне айналар «Ұлы дала елі» рухани орталығын тарту етуде.
Орталықта қазақ хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі кезеңді сипаттайтын 9 тарихи – заманауи залдар ашылады. 0,8 гектар жерде бой көтеріп жатқан орталықтың аумағы 6200 шаршы метр-ді құрайды.
Түркістан-ақпарат.
