ПРАЙМЕРИЗДІҢ ПІКІРСАЙЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

764 көрілім

Бүгін де Түркістан қаласында Праймериз пікірсайысы жалғасын тапты. Үміткерлер бұл жолы жария доданың ережесі мен заңдылықтарына біраз үйреніскен. Барлығы берілген 5 минут ішінде дайындаған бағдарламаларының тармақтарын айшықтап айтуға тырысып бақты. Сахнада еркін тұрып, келген халыққа барынша сенімді сөздері мен нық қадамдарын жоспарлы жеткізді. ⠀ Үміткерлердің көпшілігі халықтың экономикалық жағдайына басымдық берген. Пандемия кезінде көрген қиындықтардан шығудың төте жолын табу үшін бірқатары шағын жəне орта бизнесті дамытуды қолға алуға ниетті. ⠀ Партияішілік сайлауға түскендерден қазақ жастары мен жас отбасыларды рухани жəне əлеуметтік мəселелерде қолдау керек деген пікірдегілер де бар. ⠀ Жария пікірсайыстың кандидаттар арасында өзара сұрақ қою кезеңінде партияластар бір-біріне, “Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін” деп, алдағы уақытта тек сəттілік тіледі.

Түркістан-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы