ПРАЙМЕРИЗ-2020, НАСИБА АТАЕВА: “БІЗ БІРГЕ ҚАЛАМЫЗДЫҢ, ӨҢІРДІҢ, ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТА АЛАМЫЗ”

1  168 көрілім

ӨМІРБАЯНЫ

Атаева Насиба Сабыржанқызы 1987 жылы 23 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1993-2004 жылдар аралығында М.Жұмабаев атындағы №15  мектепте білім алған. 2004 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік үниверситетіне ағылшын және түрік тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2008 жылы бакалавр дәрежесімен бітіріп шыққан.

2008-2010 жылдары аталмыш университетте экономика факультетінің бухгалтерлік аудит пен есеп мамандығы бойынша біліктілігін арттырған. 2017-2019 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінде өнеркәсіпті қайта өңдеу технологиясы факультетінде білім алған. 2012-2015 жылдары тамақ өндіру комбинатында технолог жұмысын атқарған. (нан өндіру зауыты, кондитерлік цех, шұжық цехі).

2016-2017 жылдары –  «Яссы Нан» ЖШС директоры қызметін атқарған. 2017 жылдан қазіргі таңға дейін –  «Яссы Құрылыс» ЖШС тамақ өндіру базасының директоры. Австрия, Германия, Чехия және Түркия елдерінде тамақ өндіру кәсібі бойынша білім алып, біліктілігін арттырған.  Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Түркістан облысы аумағында «Жас қанаттар» ұйымының көшбасшысы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Атаева Насиба Сабыржанқызы, отандық өндірісті дамытушы кәсіпкер, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі, Түркістан облысы бойынша “Жас Қанаттар” көшбасшысы, “Nur Otan” партиясының мүшесі, Кентау қаласынының тұрғыны, өз қаласы мен облысының проблемаларына бей-жай қарамайтын адаммын. Мен жас, жігерлі, күш-қуатқа толы, өндірістік компанияда 8 жылдан астам жұмыс тәжірибем бар. Онда мен өзімнің ақыл-ойым, білімім мен күш-жігерімнің арқасында ең төменгі деңгейден бастадым. Өзімнің барлық тәжірибемді жинақтап, осы сайлауалды бағдарламаны әзірледім: “Түркістан облысы-кәсіпкерлік орталығы”, ол келесі негізгі бағыттардан тұрады:

1. Отандық тауар өндірушілерді қолдау.

2. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.

3. Экологиялық таза Кентау.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы серпіліс Қазақстанның Тұңғыш Президенті, “Nur Otan” партиясының көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Президенті қазақстандық бизнес пен тауар өндірушілерді дамыту мен қолдауға аса назар аударды. Сондай-ақ, президент халықты отандық өнімді сатып алуға шақырды. Отандық өндірісті дамыту және қолдау біздің қоғамның қозғаушы күшіне айналады. Дәл қазір бүкіл әлем үшін өмірдің қиын кезеңінде отандық өнімге деген қажеттілік өткір сезіледі. Біздің мемлекетіміз вирусты таратпау мақсатында әуе және жер шекараларын жауып, басқа елдерден оқшауланды. Коронавирус пандемиясы біздің өз халқымызды өмірдің барлық салаларында қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге әлі дайын емес екенімізді көрсетті.

Осы бағытты қолдай отырып, Түркістан облысына экономикасы мықты және инфрақұрылымы дамыған озық өңір болуға мүмкіндік беретін кейбір мәселелерді шешуді ұсынамын.

Бірінші кезекте саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді одан әрі нығайту, қоғамның барлық күштерін ізгілік, әлеуметтік бағдарланған, құқықтық, демократиялық мемлекет құруға шоғырландыру қажет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтар: азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау басты орынға қойылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін менің сайлауалды бағдарламамның бағыттары бойынша мынадай шаралар кешенін ұсынамын:

“Отандық тауар өндірушілерді қолдау”

бағыты бойынша:

Түркістан облысының отандық өндірушілерін қолдау бойынша жұмылдыру жоспарын әзірлеу;

Екінші деңгейдегі банктер мен Халықаралық даму институттарын тарта отырып, Түркістан облысының бизнесін қолдаудың арнайы қаржылық бағдарламасын құру;

“Nur Otan” партиясының облыстық филиалы базасында Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қоғамдық кеңес құру. Бұл кеңес бизнес мәселелерін жедел шешу үшін тұрақты диалог алаңына айналады;

Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру, халықаралық компаниялармен, инвестициялық қорлармен тұрақты кездесулер ұйымдастыру;

“Тек қана отандық тауарлармен” ҚТ-да жасалған” арнайы сауда орталығын құру;

Ішкі өндірісті кеңейту, инновацияларды енгізу және өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары әлеуетті мүмкіндіктері бар отандық өндірушілерді қолдау құралдарын кеңейту;

Ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдаманы енгізу;

Технологиялар трансфері және жабдық сатып алу мәселелері бойынша іскерлік байланыстар орнатуға ықпал ету;

Тек отандық өндірушінің тауарларын көрсету үшін алаң құру.

“Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту” бағыты бойынша»:

Кәсіпкер әйелдерге арналған арнайы несиелеу және гранттар беру бағдарламасын құру;

“Атамекен” ҰКП, “Даму” Қоры және басқа да даму институттары желісі бойынша оқыту бағдарламаларына әйелдердің қатысуын арттыру;

Түркістан облысында ісін жаңа бастаған кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін әйелдер бизнес-инкубаторын құру;

Әйелдер бизнес академиясын құру;

Жас кәсіпкерлерді қолдау үшін табысты кәсіпкер әйелдерді тарта отырып, “тәлімгерлік”  бағдарламасын енгізу;

Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер үшін “ана – Кәсіпкер” бағдарламасын құру және іске асыру.

Даму әлеуеті бар кәсіпкер әйелдерге қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

“Экологиялық таза Кентау” бағыты бойынша»:

 Атмосфераны улы газдардан тазартуға мүмкіндік беретін қала бойынша табиғи газ жүргізу процесін тездету. Қаланы табиғи газға 100% қосуды қамтамасыз ету, 38 елді мекендерді 66%-қа жеткізу;

Қаланы көгалдандыру бойынша акцияны іске қосу. Көшеттерді отырғызу үшін волонтерларды, жастарды, қала ұйымдарын тарту. Жыл сайын 5000 ағаш отырғызуды қамтамасыз ету;

Қаланың  барлық аудандарында және елді мекендерде жасыл саябақтар құру;

“Ана мен бала” аллеясын жасау;

Қала бойынша вандалға қарсы урналар орнату;

Қоқыс полигондарында қоқыс утилизаторларын орнату, өртемеу;

Дизель отынымен жұмыс істейтін автомобильдердің жұмысқа қабілеттілігін бақылауды қамтамасыз ету;

Тұщы суды, шахталық ағынды суларды ауыр металл иондарынан тазарту әдістерін әзірлеу және енгізу;

Биодәретханалар орнату үшін жергілікті бюджеттен ақша бөлу;

Мектептердегі көше дәретханаларын жою және мектеп ғимараттары мен өзге де балалар мекемелерінің ішінде дәретханалар салу үшін жағдай жасау.

Құрметті сайлаушылар!

Мен ұсынған сайлауалды бағдарламаны менің пікірлестерім, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы, бір партияластарым, менің командам және Түркістан облысының қарапайым тұрғындары қолдайды.

Мен ұсынған шаралар кешенін іске асыру Түркістан облысына тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия деңгейінде де экономикалық жағынан мықты өңір болуға мүмкіндік береді. Түркістан облысын кәсіпкерлік және отандық өндіріс орталығы ретінде дамыту көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Экологиялық таза Кентауды құру халықтың өмір сүру сапасын жақсартады, сондай-ақ адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттырады.

Менің сайлауалды бағдарламамды қолдауды сұраймын! Мен ұсынған іс-шараларды іске асыру үшін күш-жігерімді, білімімді, кәсіби және қоғамдық қызмет тәжірибемді жұмсауға міндеттенемін.

Біз бірге қаламыздың, өңірдің, еліміздің әл-ауқатын жақсарта аламыз. Біз бірге күшпіз! Алға Қазақстан!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы