БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕГІЛЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАМАҚ

1  517 көрілім

Түркістан қаласындағы әлеуметтік мәселелердің ішінде тұрғындарды мазалайтын баспана мәселесі кейінгі кезде оң шешімін тауып келеді. Соның жарқын дәлелі соңғы бір жылда мыңға тарта отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Оның ішінде өз кезегімен пәтер алғандармен қатар облыс орталығына қызмет бабымен келген мемлекеттік қызметшілер де бар. Бұл көрсеткіш алдағы күндерде де еселене түспек. Ол үшін жаңа үйлер бой көтеріп жатқандығы баршаға аян.
Қаламызда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үй беру мәселесі бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Қадыровқа арнайы барып жолыққан болатынбыз. Оның мәлімдеуінше Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Түркістан қаласы бойынша, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес, Түркістан қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке тіркеу мемлекеттік қызмет түрін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы электронды түрде көрсетіледі екен.
Қазіргі таңда жалпы қала көлемінде кезекке тіркелген баспанаға мұқтаж отбасылардың саны – 11714 құрайды.

Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысының ардагері – 1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топта – 5400, «Алтын», «Күміс» алқа «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері иегерлері мен көпбалалы отбасылар – 2851, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 212, мемлекеттік немесе бюджеттік қызметкерлер – 3242, баспанасы апатты деп танылған отбасылар – 8 құрап отыр. Алдағы уақытта пайдалануға берілетін 9 көпқабатты тұрғын үйдің (540 пәтер) ақаулары мердігерлер тарапынан қалпына келтірілген соң, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтерлерді реттік кезегімен берілетін болмақ.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы