КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

930 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – бүгінгі таңдағы әлемді шарлаған індет кезіндегі елдің моралдық психологиялық ахуалының жақсаруына ықпал еткен ерекше Жолдау болып отыр.

Еліміздің әлемдегі беделді, орнықты мемлекет болуы баянды бірлігіміздің арқасы. «Саяси реформаларды «Асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең – кезеңімен, табанды түрде және жан – жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз» – деген Президент Жолдауын басшылыққа ала отырып, елде «Саяси реформалардың» жүзеге асуын Қазақстан халқы бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыра отырып үйлестіре алады.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш – тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» – деп, атап көрсетті. Халқымыздың жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатын бірлік пен татулықты ту еткен тәуелсіз қоғамдық ұйым – кәсіподақ. Кәсіподақтың басты міндеті – халық пен билік арасында халық үнін жеткізетін көпір орнату. Өз мүшелерінің мұң – мұқтажын, аса маңызды мәселелерін көтеріп, азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, басшымен қызметкерлер арасында диалог орнату арқылы әлеумет жағдайын жақсарту үшін қызмет етеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда кәсіподақтың атқаратын міндеттерінің жауапкершілігі зор екендігін әрбір кәсіподақ белсендісі білуі тиіс. Біздің қоғамда тіл мәселесі бірінші кезекке қойылған. Жолдауда тіл үлкен саясаттың құралы екеніне баса назар аударды. Кәсіподақ комитетіне қарасты білім ошақтарында көп ұлтты отандастарымыз еңбек етеді. Олардың өз тілдерін сақтап, ана тілімізге деген құрмет пен сыйластықты қалыптастыруда, ана тіліне деген қамқорлықты дамытуда кәсіподақ белсенділері аянбай еңбектенеді. Тіл – халықтың тарихын, мәдениетін сақтап қалатын рухани байлық. Рухани байлықты қастерлеп ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуші қоғамның белсенді топтары. Үкіметтік емес тәуелсіз ұйымдар мемлекеттің дамуына, беделін арттыруына, билік өкілдері мен халықтың арасында бейбіт бітімгерлікті қалыптастыруға еңбек етеді. Мемлекет басшысы «Азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын» – деп осы мәселені басты назарда ұстады. Бұл тәуелсіз қоғамдық ұйым үшін ерекше қамқорлық, қолдау. Жақын арада азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қолдау керектігін ескертті.

Азаматтардың құқықтық дауларының шешімдеріне қатысты теңсіздік ахуалдарын шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттігін атап өтті. Осы орайда білім саласында болатын ұжымдық дау – ай төмен отбасыларға баса мән беріп, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу, туризм саласын дамытуға баса мән беру керектігі де айтылды. Кәсіподақ белсенділері жаңарған қаламыздың гүлденуіне, өркендеуіне, туризм саласының дамуына ұжымдар арасындағы бірлікті, ынтымақты нығайтып, көп еңбектену керектігін бағамдады.

Білім сапасын жақсарту, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт – бағдар беру саясатына көшу қажеттігі де айтылды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін, үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды. Балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерлерге баруы үшін мүмкіндік жасау керектігін қадап айтты. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет. Тағы бір өзекті мәселе. Бұл – оқулық сапасының төмендігі. Жолдауды бағыт – бағдарға ала отырып, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда, оқулықтың сапасын арттыруда жаңашыл – новатор мұғалімдермен семинарлар ұйымдастырып, тәжірибе таратуды кәсіподақ комитетінің жоспарына енгізу қолға алынды. Білім сапасын көтеруде мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, мұғалім мәртебесін дәріптеп, олардың жаңашылдықпен еңбек етуіне мүмкіндіктер жасаудың тиімді жолдарын қарастыру білім саласы басшылары мен кәсіподақ комитетінің назарынан үнемі тыс қалмауы керектігін айқындады. Елімізде әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі – білім беру сапасын жақсарту болып қалыптасуы тиіс.

Д.ТҰРМАНОВА,
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы