ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

897 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы «Амфитеатр» ғимаратында PRIMARIES үміткерлері арасында пікірсайыс өтті. Әрбір үміткерге пікір алмасуға шектеулі 5 минут уақыт беріліп, әр азамат бағдарламаларымен таныстырды.
Кезекті түзілген кесте бойынша үміткерлер Сандуғаш Рүстемова, Болатбек Абдрасилов, Икрам Хашимжанов, Мадина Абдукадирова, Налибай Дарибаевтар ұлтаралық достық, білім, денсаулық, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалынатын жағдай төңірегінде пікір алмасты.
-Бағдарламамның аясында жоғары оқу орындарының дамуына ерекше көңіл бөлу керек екендігін жеткіздім. Себебі, Мемлекет басшысының мынадай сөзі бар: «Қуатты өңірлер-қуатты ел». Сол сөздерді өз сөзіммен былай жалғастыратын едім: «Мықты университет, қуатты өңір, қуатты ел». Бүгінгі пікірсайыста үміткерлердің тарапынан көптеген идеяларды тыңдап, естідім. Айтылған дүниелердің барлығы жүзеге асатын болса қаламыз бұдан әрмен қарай да гүлденері айдан анық. Бұл праймериз жобасы елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр. Сондықтан, тәжірибеміз аз десек те болады,- деді Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов.

Шынар БОЛАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы