Біздің рейд ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛУДА

666 көрілім

Облыс аумағында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Жұмысшы топ өкілдері «Түркістан-Шымкент» бағытына қарай жолаушылар тасымалдап жүрген автокөліктерді бақылады. Құрамында Түркістан облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі патрулдік полиция баталеоны мен қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің қызметкерлері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бүгінде елімізде орын алып жатқан пандемия жағдайындағы карантин режимі кезінде қалааралық жолаушы тасымалдауға тыйым салынғаны белгілі. Алайда, кейбір жүргізушілер бұл талапты орындамай облыс аумағында заңсыз жолаушылар тасымалын ұйымдастырып келеді. Сонымен рейдік тексеру барысында заңсыз жолаушылар тасымалдап жүрген жүргізушілерді кезіктірдік. Осындай заңсыз жолаушы тасмалдап жүрген 6 жүргізушіге арнайы хаттама толтырылып, оларға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 572-бабының 2-тармағына сәйкес, 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды. Мұндай рейдік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы