Сафаев Сафа 1993 жылы 22 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келген. 2011-2015 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ИТ факултетіні бітірген. 2015 жылдан бастап Алматы қаласында білім саласында қызмет ете бастаған.
2017-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Информатика мамандығы бойынша білім магистрі атанған.
2018 жылы Lithuanian University of Educational Sciences, Литва қаласында тәжірібелік білім деңгейін арттырып қайтқан.
Мен Қазақстан халқының, әсіресе, тарихы терең болғаныменен, енді даму жолына түскен Ер түріктің бесігі – Түркістанның өркендеуіне үлес қосуды қалаймын. Халық пен биліктің арасын байланыстырушы жас көпір болу үшін “Nur Otan” партиясы ұсынған Праймеризге қатысуға шешім қабылдадым.
Өз жерлестерімнен менің мақсатыммен танысып, маған қолдау көрсетулерін сұраймын.
Менің көздеген мүддем туған қаламыз Түркістанды дамытуға, әр жерлесіміздің жеке табысқа жетуіне және өзінің әл-ауқатын көтеруіне, баршаға ортақ тең мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Қаламызды технологиялық өрлеу орталығына айналдыру және халықтың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау.
Барлық тұрғындар және қоғам бірлестіктерімен пікір алмасып қызмет атқаруға, сонымен бірге ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екенімді мәлімдеймін.
Еңселі ел болудың әуелгі шарты – ел мен жердің көркеюіне үлес қосу деп білемін.
Адал бәсекелестік негізінде, келген туристтер мен қонақтар және тұтынушыларға әр салада қызмет көрсетуді жоғары деңгейде жетілдіру арқылы әр жерлесіміздің табысқа жетуіне атсалысу.
Халық қалаулысы болудағы басты мақсатым :
• Тұрғындарды ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету;
• Киелі жерімізді кісі көзін қарықтырар сұлулықпен, тазалықпен көркейту;
• Туристік қызметімізді жоғары деңгейге көтеру мақсатында арнайы курстар, тренингтер, жобалар ұйымдастырып, нәтижесінде халықты тиянақты әрі шебер маман ретінде жұмыспен қамтамасыз ету;
• Төтенше жағдай кезінде туындаған ең басты қажеттіліктің бірі- интернет желісінің қуаты мен жылдамдығын арттыру мәселесін шешу;
• Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін жағдайаттарды жою.
Біз болашаққа нық сеніммен қараймыз. Мызғымас бірлігіміз бар тату халықпыз!
Менің осы мақсаттарым, әрине, сіз халықтың қолдауымен ғана жүзеге аспақ.
Қуатты да табысты қоғамды бірге құрамыз.
