ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Ильинді Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды yassy-tur.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін оның кандидатурасын Мәжіліс мақұлдаған болатын.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Юрий Викторович Ильин 1968 жылы дүниеге келген. Алматы жоғары командалық училищесін бітіріп, КСРО Қарулы Күштерінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде командалық лауазымдарда болған. Еңбек жолын Украинада бастаған. Қазақстанда 1996 жылдан бері қызмет істеп келеді. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінде (орынбасар), қалалық әкімдікте (орынбасар), Президент әкімшілігінде, т.б. түрлі қызметтер атқарған. 2016 жылдың сәуірінен бері ІІМ вице-министр болып қызмет еткен.
Генерал-мойор үйленген, екі ұлы, бір қызы бар.
