Қала әкімдігінде: БИЫЛ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ЖЫЛЫТЫЛАДЫ

654 көрілім

[12:45, 10.09.2020] Куаныш Тасыбаев: Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Атап айтсақ, бюджеттің игерілу және индикаторлардың орындалуы, 2020-2021 жылғы жылу маусымына дайындық, тұрғын үй кезектегі тұрған азаматтарға үй беруге әзірлік, 6 көпқабатты қызметтік үйлерді жекешелендіру жұмыстарының барысы туралы мәселелер тыңдалды.
Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетова бюджеттің игерілуі және индикаторлардың орындалу барысы туралы хабарлап өтті. Бұдан соң 2020-2021 жылы жылу маусымына дайындық барысы туралы қала әкімінің орынбасары М.Керімжанов баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше 2020-2021 жылы жылу беру мерзімі кезінде «Жылу» МКК Түркістан қаласындағы 3 жылу қазандықтары арқылы 1-2 мөлтек аудандарындағы 75 көпқабатты үйді, 28 бюджеттік, 60 заңды тұлға және 58 жеке тұлғаларды және «Отырар» мөлтек ауданындағы 28 көпқабатты үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 103 көпқабатты тұрғын үйлердің және автономды жылытылатын бюджеттік мекемелердің жылу жүйелеріне шаю және гидравликалық қысымдау, сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген. «Жылу» МКК жұмыс атқаратын орталық жылу қазандығын қатты отыннан табиғи газға ауыстыруға жергілікті бюджеттен 4999,0 мың теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Отырар мөлтек ауданындағы 12 көпқабатты тұрғын үйді жылытуға және осы мөлтек ауданындағы жаңадан салынған 16 көпқабатты тұрғын үйді жылытуға табиғи газбен қамтылатын болады.
Бұдан соң тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үй беру барысы туралы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Қадыров мәлім етті. Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Түркістан қаласы бойынша, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабына сәйкес, Түркістан қаласының тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке тіркеу мемлекеттік қызмет түрін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы электронды түрде көрсетіледі. Қазіргі таңда жалпы қала көлемінде кезекке тіркелген баспанаға мұқтаж отбасылардың саны – 11714 құрайды. Атап айтсақ, Ұлы Отан соғысының ардагері – 1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топта – 5400, «Алтын», «Күміс» алқа «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері иегерлері мен көпбалалы отбасылар – 2851, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 212, мемлекеттік немесе бюджеттік қызметкерлер – 3242, баспанасы апатты деп танылған отбасылар – 8 құрап отырғанын жеткізді. Алдағы уақытта пайдалануға берілетін 9 көпқабатты тұрғын үйдің (540 пәтер) ақаулары мердігерлер тарапынан қалпына келтірілген соң, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтерлерді реттік кезегімен берілетін болады.
Сонымен қатар, 6 көпқабатты қызметтік үйлерді жекешелендіру жұмыстарына әзірлік барысы бойынша құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Тасов пен тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Қадыров хабарлап өтті. Мәжіліс соңында қала әкімі Р.Аюпов дербес бөлім басшыларына бюджеттің игерілуі бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы