Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1976 жылы жоспарлы төсек орны 460 орынға арналған мекемеге 2016 жылы қосымша тағы 110 орынға арналған ғимарат пайдалануға берілді. Мекемеде тұрып жатқан 18-ден асқан 1-ші және екінші топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» және оған қосымша 13.05.2019 жылы №238 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен стационарлық және жартылай стационарлық жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарға сәйкес жұмыс жасауда. Бүгінде бұл мекемені қалалық мәслихат депутаты Махсұтхан Макұлбекұлы Дүйсебеков басқарып келеді.
Қазіргі таңда орталықта қызметтерді алушылар саны – 505. Оның ішінде ерлер – 295, ал әйелдер – 210-ды құрайды. Мекемеде стационар және жартылай стационар жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеліп келеді. Орталықта стандартқа сай 8 қызмет түрі көрсетіледі. Қызметтерді алушылар шизофрения, сананың жеңіл, орташа, ауыр түрде төмендеуі, эпилепсия, бас миының органикалық зақымдануымен, жадының төмендеуі бойынша ем алады. Жартылай стационарлық жағдайда келіп кетуші қызметтерді алушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында уақытша қызметтерді алушылардың келуі тоқтап тұр.
Мекеме әлеуметтік қызмет жөніндегі мамандармен, психолог, дәрігер психиатр, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, еңбек нұсқаушысы, мәдени іс-шара ұйымдастырушылар, саз мұғалімі, дене шынықтыру мұғалімі, дефектолог мамандары қызметтерді алушыларға танымдық қабілеттерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена тұрмыстық және қоғамдық орындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да көптеген жәйттерді үйретуде.

Бүгінде орталық заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта тамақтанатын асхана, медициналық бекеттер, спорт залы, акт залы, емдік дене шынықтыру бөлмесі, физиоем қабылдау бөлмесі, фитотерапия бөлмесі, тіс бөлмесі, гинекология, массаж кабинеттері мен қатар шеберханалар мен үйірмелер жұмыс жасайды. Мекеме бейнебақылау камераларымен қамтылған.
Елімізде орын алып отырған індетке байланысты күшейтілген карантин режимінде қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі жағдайда орталықта науқастардың туған-туыстарымен кездесу уақытша тоқтатылып, қызметтерді алушылардың жақындарымен байланыс онлайн режимде апта сайын өтуде. Орталық интернет жүйелерімен сапалы және толыққанды қолдану мүмкіндігі қарастырылып жүзеге асырылып келеді.
Мекеме жанынан қызметтерді алушылардың құқықтарының сақталуына, оның ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін, олардың құрамына қамқорлықтағы адамдардың туыстары мен жақындарын, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды енгізе отырып, ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы негізінде мекеменің 2020 жылғы 13-ші шілдедегі №129 бұйрығымен қоғамдық кеңес мүшесі құрылды. Комиссия мүшелері: Ш.Абдрашитов – Түркістан облысының ЖҚҮ және ӘББ-ның бас маманы, М.Алимжанов – «Universal-Service-DDK» ЖШС, аумақ басшысы, Б.Қоштыбайұлы – «Nur Otan» партиясы Қараспан бастауыш ұйымының төрағасы, Ордабасы ауданың Құрметті азаматы, Ордабасы ауданы бойынша қоғамдық кеңестін мүшесі, Ордабасы ауданы «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінің бюро мүшесі, Л.Сарыбаева – «Түркістан» газеті директор-редакторының орынбасары, А.Трушкина – зейнеткер, қызметтерді алушының анасы.
Қызметтерді алушылардың құқықтарын сақтау мақсатында іс-шара жоспары құрылып, қоғамдық бақылау комиссия мүшелері ай сайын бақылау жұмыстарын жүргізіп, атқарылған жұмыстары туралы мәліметтермен фото есебі мекеменің (facebook, instagram) әлеуметтік желі парақшаларында тұрақты жарияланаып тұрады.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
