МӘСЕЛЕЛЕР ЛЕГІ ЖҮЙЕЛІ ҚАРАЛҒАН ЖОЛДАУ

562 көрілім

Бабалар аманатын арқалаған тәуелсіз қазақ елінің көк байрағы желбірегеніне отыз жыл болып қалды. Осы жылдар аралығында небір жетістіктерге қол жеткізіп, толағай табыстарды қанжығаға байлады. Қашан да елдік мүдденің асқақтығы үшін жұмыстар атқарылды. Елбасының көреген саясатының арқасында қыруар жұмыстар жүзеге асты. Оның барлығын тізіп шықпасақта халыққа белгілі жай. Ал біздің пайымдағалы отырғанымыз егемен елдің екінші Президентінің алғашқы Жолдауы жайлы болмақ.

Атап айтқанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты тұңғыш Жолдауы.

Бұл ретте Жолдау кіріспесінде Президент елдегі мемлекеттік бағдарламалар мен шенеуніктер санына нақты тоқталып өтті. Осы тұрғыдан алып қарағанда көлемді емес, кәдімгі халық түсінетін ықшам мемлекеттік бағдарламалардың керектігін ескерте отырып, нақты қадам жасап осыған көшу керегін нақты тілге тиек етті. Тағы бір көңілге қонымды жаңалық ретінде шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырғанын айтқан жөн. Бұл көп көңілінен шығатын ұнамды ұсынымдардың бірегейі. Олай болатыны саны көп қалың орынбасарлардың немесе жауаптылардың саны азаяды дегендік. Ал олардың айлығы басқа да түйткілді мәселелерді шешуге жұмсалады дегенді білдіреді.

Аталмыш Жолдауда көтерілген дүниелердің барлығы дерліктей керекті тақырыптар деуге болады. Мәселен көп тақырыпқа арқау болып жүрген зейнетақыға да қатысты айтылған. Онда келер жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады деп атап көрсетілген. Ал тағы бір өзекті мәселе ретінде тұрғындардың несие алуы айтылған. Шығар жол ретінде несие берудің қиындауы мүмкін екендігі қозғалған.  Сонымен қатар жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату керек екенін де ұмыт қалдырмаған.

Сондай-ақ еліміздегі білім беру саласына ерекше назар аудара отырып, мұғалімдердің айлық жалақысын өсіруді тапсырған. Осы тұста  дәрігерлерді де қағыс қалдырмай баса мән берген. Олардың еткен еңбегінің жемісін, біліктілігінің ауадай қажеттілігін пандемия кезінде байқағанымызды, ол саланың қандай маңызды екенін терең сезінгенімізді айтып өткен. Біздің білеріміз екі саланың өте қажетті тұсымыз екендігі. Қай ел болмасын осы қос саланы өркендетуге әрі дамытуға барын салып келеді. Бұл жолда Президенттің ұсынысын шынайы құптаған жөн. Осы арқылы ел азаматтарының мүддесі ескеріліп, оны қамтамасыз етудің іс жүзінде  жүзеге асып жатқаны деп қараған оң болмақ.

Ал осы Жолдауда тағы бір зер салатын дүние қатарында бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетіндігі деп айтсақ қателеспеген боламыз. Мұнда айтылғаны Үкіметке 2021 жылдан бастап “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. Міне осы арқылы сәби дауысын ести алмай, ұрпақ үнін аңсаған жандардың арманын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Жолдау  мазмұнын осылай айта  берсек көңілге қонып қанаттандыратын, еріксіз ризашылдыққа  алып баратын тұстары көп. Бір сөзбен айтқанда барлығы тұрғындардың өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады. Осы арқылы елдігімізді бекемдеп, оның халқын шат-шадыман бақытты өмірге жеткізу. Халқы бақытты елдің мемлекеті де гүлденіп дамыған  үстіне дами беретінін, тіпті де шексіз құдіреттене беретінін ұмыт қалдырмау. Қорыта келгенде Жолдаудың жүгі халықтың арман-мақсатына жақындата түсу болып табылады. 

Дүйсенкүл ЖАМБОЛОВА,
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы
Аналар кеңесінің төрайымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы