Төлеби ауданы Көксәйек елді мекенінде «№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жұмыс жасайды. Мекеме алғаш 1989 жылы құрылған. Атаулы бірлестік 18 жастан асқан жүйке жүйе ауытқулары бар жандарға әлеуметтік қызмет көрсетеді. 160 жатын орынға арналған бұл орында дәл қазіргі таңда 156 қызмет алушы мемлекет қамқорлығында. Нақтырақ айтқанда 59 әйел, 97 ер кісілер, І – топ мүгедек санатындағы 24 – қызмет алушы және ІІ-топ мүгедек қатарындағы 132 қызмет алушы.
Мекеменің жұмыс жасау бағыты 8 сала бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда: тұрмыстық,медициналық психологиялық, педогикалық, еңбек, мәдени, құқықтық, экономикалық қызмет түрлері көрсетіледі. Көмек алушыларға денсаулығына және икемділігіне қарай осы қызмет түрлері көрсетіледі.
Нысан аумағында келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Бес мезгіл ас мәзірі, жатын орын, жыл мезгіліне қарай киім –кешек пен гигиеналық заттармен қамтамасыз етілген. Көмек алушылардың денсаулықтары күндіз-түні бақылауда болады.
Қызмет алушылардың ішінде он саусағынан өнері тамған жандар да баршылық. Олар үшін бізде арнайы шеберханалар бар. Сонымен қатар мәдени үйірмелерге қатысып, өз өнерлерін сахна төрінде көрсету үшін мүмкіндіктер қарастырылған.
ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңес туралы» заңын және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министірінің 2020 жылғы 27 мамырдағы қызмет алушылардың құқықтарымен заңды мүделерін сақталуын қамтамасыз ету бағытында мекеме жанынан көмек көрсетушілердің қолма-қол қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында «Қоғамдық кеңес» комиссиясы жылы құрылды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарына: Ә.Ақтаев – Төлеби аудандық мәслихат депутаты, Ж.Байрамов – Көксәйек ауылдық округі қоғамдық кеңес мүшесі, С.Кемелов – Көксәйек ауылдық округі бойынша Нұр – Отан партиясының төрағасы, Е.Әбілқасым – Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы, Р.Бекмурзина – Ата – аналар кеңесінің төрайымы секілді азаматтар мен азаматшалар бар. Осы құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы болып Ә.Ақтаев тағайындалды. Қоғамдық кеңес қызмет алушылардың қажетті заттармен қамтамасыз етілуін бақылап және өздеріне түскен ұсыныс, арыз -шағымдармен жұмыс жасайды. Қоғамдық кеңес қазіргі таңда қанағаттанарлықтай жұмыс атқаруда. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жандана түседі.
Иманалы АМАНГЕЛДИЕВ,
«№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»
КММ директоры.
