ПРАЙМЕРИЗ – ПРОГРЕСС БАСТАУЫ

704 көрілім

Праймериз арқылы «Nur Otan» партиясы іскер, көшбасшы, ел сенетін тұлғаларды іріктеп, әлеуметтік лифт қалыптастырмақ. Ел бойынша жүзеге асып жатқан тың бастамаға үлес қосайық. Жаңашылдықты қолдамасақ, жаңалануға үн қоспасақ, жаһандану деген көштің соңында қалмақпыз. Демек, праймериз – жаңашылдық қана емес, саяси жүйемізді ілгері сүйрейтін механизм.

Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсыныстары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста айқындалады. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы ұлтжанды азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік береді. Прогреске көндіге қою, оған көңіл толу оңай болмайды.

Біздің келешегіміз – жастар туған жеріміздің патриоттары. «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуі осындай қарымды жастарға мол мүмкіндік беріп тұр. Бастысы, оған немқұрайлылық танытпау қажет. Өйткені, халықтың болашағы жолында аянбай еңбек ету қасиеттен. Болам дейтін баланы көп ішінде не айшықтайды? Қарым-қабілет, мінез, болмыс, тағысын тағы. Сондай қасиеттің біршамасы бойда бола тұра туған жерге, өсіп-өнген елге сүйіспеншілік болмаса бәрі бекер.

Жастарды қанаттандыратын – Отанға деген махаббат. «Nur Otan» партиясының қолға алған партияішілік іріктеу, нағыз көшбасшыларға жол ашу қадамын қуаттаймын. Бұл еліміздің әлеуеттік даму динамикасына оң серпін береді.

Мәлік ДӘУЛЕТОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы