IЗГIЛIГI МОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ IС

1  005 көрілім

Шауғар мөлтек ауданында Жұмат ата мешiтi халық игiлiгiне пайдалануға берiлдi. 400 адамдық жамағаттың бiрмезетте намаз оқуына лайықталған ғибадат үйiнiң құрылысы 2017 жылы басталып, үстiмiздегi жылдың тамыз айында аяқталған. Iзгiлiгi мол қайырымдылық iске мұрындық болған жеке кәсiпкер М.Майкотовтың қаржысына салынған мешiт заманауи үлгiде бой көтерiп, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Кәсiпкердiң айтуынша мешiтке әкесi Жұмат Майкотовтың атын беру аптал азаматтың есiмi артында қалған ұрпақтарының санасында мәңгi өшпесiн деген ойдан туындаған екен.

Мешiттiң ашылу салтанатының Ата заң күнi қарсаңында өтуi мерекенiң мерейiн еселей түстi. Оған қала қала әкiмiнiң орынбасарлары  Ғ.Рысбеков, Т.Мұсаев, қалалық мәслихат хатшысы  Ғ.Сәрсенбаев, облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, қала тұрғындары, кәсiпкердiң ағайын-туыстары мен отбасы мүшелерi қатысты. Сауапты iстiң куәсi болған халық қалаулылары құттықтау сөз сөйлеп, iзгi ниеттерiн бiлдiрдi.

Одан соң дүниеден өткенiне отыз жылға жуықтаған Жұмат Майкотовты еске алу мақсатында ас берiлiп, марқұмның әруағына Құран бағышталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы