«Харекет» қайырымдылық қоры 1000 теңгеден – баспана атты акциясын қолға алып, мұқтаж жандар мен жетiм-жесiрлердiң, мүмкiндiгi шектеулi жандар мен көпбалалы, жалғызбасты аналардың баспаналы болуына үлес қосып келедi. Дәлiрек айтсақ, республикамыздағы қоғамның көмегiне зәру әлеуметтiк жағдайы төмен отбасылардың баспаналы болып, қоныс тойын тойлауына себепшi болған жандар көптiң алғысына бөленiп жүр. Жақсылыққа жаны құмар жандар түркiстандық Әдiл Тiлеубергенұлы (омыртқасына темiр қойылған бауырымыз) мен Тынымгүл Ермекқызының отбасына кезектi 25-шi баспананың кiлтiн табыстады. Төрт бала-шағасымен жалдамалы пәтерлерде күнелтiп келген отбасының аталған қайырымдылық қордың мүшелерiне айтар алғысы мен риясыз ризашылығы шексiз.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қанатты сөз бар халқымызда. Әрине, осы орайда сауапты iске себепкер болған жандарды айтпай кету мүмкiн емес. Олар: «Харекеттiң» ерiктiлерi – Жомарт Төреханұлы, Нұрғали Зейнуллаұлы, Шынар Бүркiтқызы, Серғали Абутәлiпұлы бастаған азаматтар және «Түркiстан қамқор жандар қайырымдылық қоры» мүшелерi.
«Түркiстан-ақпарат».