ҚҰРЫЛЫСҚА АРНАЛҒАН КIТАП ЖАРЫҚ КӨРДI

1  199 көрілім

«Қаз лесомонтаж» ұйымының бас директоры С.Рысбеков пен ұйымның кадр және тiркеу бөлiмiнiң басшысы О.Сүйiнбайдың бiрлесе жазған авторлығымен «Қазақ лесомонтажының қалыптасу, даму тарихы» атты жаңа кiтап жарық көрдi. Құрылыс саласын меңгеруде қауiпсiздiк ережелерiн сақтау мен аталмыш ұйымының атқарған жұмыс барысы баяндалатын кiтап 600 дана таралыммен «Нұрлы әлем» баспасынан басылып шыққан. Осыған орай орталық «Қуаныш» базарының мәжiлiс залында кiтаптың тұсау кесер рәсiмi өттi.

Жиында кiтап авторы С.Рысбеков пен Абай атындағы орталық кiтапхананың меңгерушiсi Ж.Журкаевалар тұсау кесер рәсiмiне ие болып, кiтапханаға 10 дана кiтап сыйға берiлдi. Кiтап авторларының айтуынша аталған еңбектерi құрылыс саласында iзденiп жүрген оқытушылар, магистранттар мен студенттерге тәжiрибе ретiнде көп көмегiн тигiзедi деген ойда.

Шарада сөз алған iшкi саясат бөлiмiне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нiң инспекторы Е.Тұңғышбаев аталған кiтаптың  маңыздылығын тiлге тиек етiп, кiтап өз оқырмандарын табатынына сенiм бiлдiрдi. Жиын соңында кiтап авторы «Қаз лесомонтаж» ұйымының бас директоры С.Рысбековтың ата-анасы, әрiптестерi құттықтау сөздерiн айтып, жылы лебiздерiн бiлдiрдi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы