Көршілес Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде болған келеңсіз жағдайдың орын алғаны белгілі. Алайда кейбір түсінбестіктің салдарынан болған ұрыс керісті ұлтаралық жағдайға апарудың еш қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Қазақ-өзбек халкы сонау ілгеріден бері ағайын туыс, құда жегжат бауырдай болып аралас құралас болып келеді. Сондықтан ұрыс керіс жанжалды ушықтырудың қажеті жоқ деп білемін. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан айрандай ұйып отырған жағдайда халықты сабырға шақырып, елдігіміздің бірлігін танытуымыз қажет. Мына жағдайда ынтымағы жарасқан бейбіт өмірде күн кешіп жатқанымызды мақтанышпен айтуымыз қажет. Елімізде “Бірлік бар жерде тірлік бар” деген даналык сөз текке айтылмаса керек. Сондықтан бірлігі бекем ел болуға шақырған болар едім.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
