ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ МІНДЕТІМІЗ

703 көрілім

Шорнақ ауылында орын алған келеңсіз жағдайға жүрегіміз ауырып отыр. Бұл ауылдың халқы қаншама жылдардан бері тату тәтті өмір сүріп келеді. Көпұлтты мемлекеттің символын осы ауылдың еңбекқор, инабатты, мейірімді халқынан көруге болады. Сонау кеңес заманынан бері қазақ өзбек өте тығыз байланыста өмір сүргендіктен болар оларды бір туған деп айтып келдік. Осы орайда мына жайды айтайыншы. Кішкентай кезімізде көршінің балаларымен ұрысып, жылап келгенімізде ата анамыз “ұят болады, көршінің баласымен татулас” деп, кінәні өз балаларынан іздейтін. Ата аналарымыз балалардың арасына түспейік, өздері татуласып кетеді деп, бір біріне басу айтып отыратын. Сондықтан айтайын дегенім, ауыл арасында үлкендердің бір ауыз сөздерімен шешілетін жағдайды одан әрі ушықтырмайық, ағайын.Сабыр түбі сары алтын. Сабыр сақтайық. Дәл қазіргі елімізде орын алған карантин мезгілінде бір бірімізге мейірімді болып, еліміздің тыныштығын ойлау басты парызымыз.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы