ЖАТ ДIНИ АҒЫМНАН САҚТАНАЙЫҚ

1  163 көрілім

Жақында Оранғай ауылында “Терроризм мен дiни экстремизм бейбiтшiлiк пен тұрақтылыққа төнген қауiп” атты тақырыпта ауыл тұрғындарымен кездесу өттi. Кездесуде қала әкiмiнiң орынбасары Ғ.Рысбеков кездесудiң маңыздылығы мен бүгiнгi қоғамдағы дiн мәселесiнiң өзектi екенiне жан-жақты тоқталды.

– Қазақстан – дiнаралық тұрақтылықтың аймағы. Сондықтан да елiмiзде этностардың келiсiмi ғана емес, сонымен қатар, конфессияаралық татулықтың да орны ерекше. Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта дiнаралық қақтығыстар, сондай-ақ, мемлекеттiк органдар мен дiни қауымдастықтар арасында жанжалдар орын алған емес. Мұның барлығы мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргiзген сындарлы саясатының арқасында жүзеге асып отырған жaйт. Ал, нақтырақ айтқанда мемлекеттiк саясаттың түрлi дiндердiң арасындағы қарым-қатынасты ұтымды реттеп отыруының жемiсi, – дедi Ғани Құрмашұлы.

Кездесуде ОҚО дiн iстерi басқармасының “Дiн мәселелерiн зерттеу орталығы” мемлекеттiк коммуналдық мекемесiнiң теолог маманы Б.Нұриддинов күн тәртiбiндегi мәселе бойынша кеңiнен түсiндiрме жұмыстарын жүргiздi. Баяндамашының мәлiмдеуiнше мемлекет пен дiннiң өзара қарым-қатынастарының дамуы барысындағы басты мәселенiң бiрi дiни экстремизм екенiн атап өттi.

Қазiргi қоғамда дiннiң дамуында көптеген қайшылықтар орын алуда, Ислам дүниежүзiлiк дiн, сондықтан мұсылман халқының жан-жақты дамуына ықпал етiп отырған дiн еш уақытта да терроризм тудырмайды. Дегенмен адамзат баласына үрей, қауiп төндiретiн террористiк, экстремистiк актiлермен дүниежүзiнiң бүкiл мемлекеттерi болып күресiп келедi.

Кездесу соңында облыстық дiн iстерi басқармасының “Дiн мәселелерiн зерттеу орталығының” теолог маманы Б.Нұриддиновке ауыл тұрғындары тарапынан күн тәртiбiндегi мәселе бойынша сұрақтар қойылып, оған жан-жақты жауап берiлдi.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ,

“Түркiстан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы