ДIНИ РӘСIМДЕР БIРIЗДIЛIККЕ БАҒЫТТАЛУЫ КЕРЕК

1  143 көрілім

Қаламыздың бас имамы О.Елеуұлының қаламыздың зиялы қауым өкiлдерiмен кездесуi «Жаназа және жерлеу рәсiмдерi» тақырыбында өрбiдi. «Түркiстан-Ахмет Яссауи» орталық мешiтiнде өткен басқосуда бүгiнгi күнде өзектi болып отырған мәселе жаназа рәсiмiндегi ысырапшылдықтар сөз болды.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да халқымызды рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға, қоғам үшiн iзгi iстердi жасауға шақырды. Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы халқымыз үшiн ұлттық салт-дәстүрлер мен дiни рәсiмдердiң сан ғасырлар бойы қалыптасқан сабақтастығын, бiр-бiрiмен тығыз байланысын қамтамасыз етуде еселi еңбек атқарып келедi. Дегенмен бүгiнгi таңда жаназа және жерлеу рәсiмiндегi мұсылманшылыққа жат жaйттар көңiлiмiзге кiрбiң келтiрiп отырғаны рас.

Осы тақырып аясында қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзiретбергенов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, зейнеткер П.Саруаров, өзбек этномәдени орталығының мүшесi Ж.Әбенов, «Салиқалы әжелер» алқасының төрайымы Қ.Сейтжапбаровалар мәйiттi ақтық сапарға шығарып салу рәсiмдерiнiң барлығын Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы бекiткен жаназа пәтуасы аясында жасау, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу, қайғы жұтып отырған отбасына сол күнi қара жамылудың орнына дастархан мәзiрiне кiрiсiп кетпеу, құдайы ас жиынын сөз жарысқа айналдырмай 3-4 кiсiден артық сөйлемеу, шектен тыс ысырапшылдыққа жол бермеу, өйткенi әрбiр отбасының жағдайы әртүрлi екенiн есепке алу керектiгi айтылды. Сонымен қатар, мәйiттi жерлейтiн жердi алдын ала белгiлеп қою, зират басында оқылатын Құранды 1-2 кiсiден асырмау жайлары да басқосудың өзегiне айналды. Алдағы уақытта ауыл ағаларының жұмысы қолға алынып, дiни қызметкермен бiрге мәйiт шығаратын үйге барып пәтуаға келген рәсiмдерден ауытқымау жайлары түсiндiрiлсе мақсатқа сай болары сөз болды.

Жалпы бұл тақырып өткен жылы Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы бастамасымен жарыққа шыққан «Жаназа және жерлеу рәсiмдерi» кiтабында айтылған жаназа пәтуасын басшылыққа алу және осы рәсiмдер бiрiздiлiкке бағытталуы керек деген түйiнмен аяқталды.

Райымжан ӘЛIБАЕВ,

«Түркiстан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы