ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

1  164 көрілім
  1. 1.Жалпы ережелер

1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге  арналған осы ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.  

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы  – Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Құрылтайшы) болып табылады.

2) Конкурсты ұйымдастырушы  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

2.2. Конкурстың міндеттері: 

1)  бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу; 

2) ақпараттық кеңістікте көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық  үлгілерін ілгерілету; 

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру;  

5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2.  Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.             

4.2. Ұйымдастырушы:

– осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

– қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді; 

– конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

– конкурс қорытындыларын бекітеді;

– www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.3. Өңірлік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылықтары Құрылтайшы, облыстардың,  Астана мен  Алматы қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырушы болады.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2019 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін БАҚ-та,  оның  ішінде,  этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле- радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. vқоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал; 
  2. vАссамблея мен оның құрылымдарының қызметін ашып көрсететін үздік материал (Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» РМД);
  3. v”Ұлы Даланың жеті қыры” бағдарламалық мақаласының тарихи сананы қалыптастыру мәнмәтініндегі негізгі бағыттарына арналған үздік материал;
  4. v«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласыныңнегізгі бағыттарына арналған үздік материал;
  5. vмемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейтумәселесіне арналған үздік материал;
  6. vмедиацияны дамыту тақырыбына арналған  үздік материал;
  7. vҚайырымдылықты дамыту тақырыбына арналған  үздік материал;
  8. v«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарынілгерілетуге арналған үздік материал;
  9. v«Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының негізгі бағыттарынашатын үздік материал;
  10. vЖастар жылына арналған «Жастар жылы – даңғыл жол»  арнайы жүлдесі.

5.3. Конкурсқа қатысуға өтінім беру алгоритмі:

–  конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 2019 жылғы  1 наурыздан бастап  2019 жылғы  1 қазанға дейін конкурстық жұмыстарды жібере алады немесе облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і және Астана мен Алматы қалалық мекемелеріне  2019 жылғы 15 ақпаннан 25 қыркүйекке дейін конкурстық жұмыстарын жібере алады;

– конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2019 жылғы 10 қазаннан   2019 жылғы 10 қарашаға дейін өтетін конкурстың екінші кезеңіне жіберіледі.

5.4. Өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-і немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық және Астана мен Алматы қалалық хатшылықтары өңірлік кезеңнің конкурс жеңімпаздарының материалдарын (баспа түрінде, қажет болған жағдайда дискіде) өңірлік конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының көшірмесімен бірге жабық конвертпен  2019 жылғы 1 қазанға дейін мына мекенжайға жібереді: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 10,  Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 681-кабинет.

5.5. Үздік жұмыстарды салтанатты марапаттау Астана қаласында 2019 жылғы қараша айында өткізіледі.

5.6. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

5.7. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

6. Конкурстық іріктеу критерийлері:

ü    материалдың байқау тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

ü     автордың шығармашылық көзқарасы, материал беру ерекшелігі;

ü    қоғам тарапынан пікірдің оң болуы;

ü     материалдың объективтілігі мен шынайылығы;

ü    тақырыптың толық ашылуы;

ü     ұсынылатын ақпараттың жаңалығы мен өзектілігі;

7. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары

7.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру оған қатысушының осы Ережеде көзделген, конкурсқа қатысу талаптарымен және шарттарымен танысып, келіскенін білдіреді.

7.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:

– кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  өтінімді;

– өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.

Бір өтініммен берілетін материал саны 3-еуден кем болмауға және 5-еуден артық болмауға тиіс.

7.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.

7.4. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.

Ақпараттық сипаттағы қысқа хабарламалар /баспасөз баяны, түйіндемесі, т.б./ қабылданбайды.

7.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім осы Ережеде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, қабылданбайды және тіркелмейді.

Байланыс телефондары: + 7 7172 74 12 13, + 7 7172 74 12 15

E-mail:  info_rgy@mail.ru

№1 ҚОСЫМША 

Журналистика саласындағы 

«ШАҢЫРАҚ» шығармашылық конкурсына қатысуға арналған

өтінім  

1. Қатысушы туралы мәліметтер:

* облысы, елді мекені;

* тегі, аты, әкесінің аты;

* туған жері және туған жылы;

* ұлты;

* тұрақты тұратын жері;

* байланысу телефоны;

* оқу орны/жұмыс істейтін жері;

* лауазымы;

* жұмыс өтілі.

2. Шығармашылық құжаттар:

* баспа БАҚ-та жарияланған материалдардың сканирленген көшірмелері;

* интернет-ресурстардағы парақшалардың басып шығарылған көшірмелері;

* теле-, радио бағдарламалардың дискке DVD, CD форматында жазылған жазбалары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы