БАЙҚАУ!!!

1  124 көрілім

Кентау трансформатор зауытының 60 жылдық мерейтойына орай Кентау политехникалық колледжі қалалық жастар орталығымен бірге Кентау трансформатор зауыты және «Alageum Еlectric» компаниясы туралы “Ең үздік өлең» байқауын 2019 жылдың 28 ақпан күні Жастар орталығы ғимаратында өткізеді. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқауға 14-19 жас аралығындағы Кентау, Түркістан қалаларының мектеп оқушылары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатыса алады. 

  Кентау трансформатор зауыты және «Alageum Еlectric» компаниясы туралы дайындалған ең үздік орысша немесе қазақша өлең шумақтары байқауының ережесі:

  Байқаудың басты мақсаттары:Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» мақаласы аясында көтерілген «Туған жер» кіші бағдарламасына сәйкес, Кентау қаласы жастарының дүние жүзі нарығында өзінің сапалы өнімдерімен танылған Кентау трансформатор зауыты және оның құрылтайшысы «Alageum Еlectric» компаниясы туралы хабардар ету; (Компания немесе зауыт туралы мәліметті интернет арқылы табуға болады).

  -жеке дара ғылыми тақырыпта ізденіс жасауға бағыт беру, білім жетілдіруге;
  -зауытта енгізілген жаңа заманауи технологиялар туралы хабардар ету.

  Байқауға қойылатын талаптар: 
1. Қатысушылар өз еркімен, өз ойымен шығарған өлең шумақтарын (электронды және қағаз нұсқада А4 форматында) ұсынуы керек;
2. Байқауға қатысушының мақсаттары мен міндеттері сәйкес келуі тиіс және байқауда нақты нәтижелерін көрсетуі керек;
3. Өленнің көлемі 20 сөйлемнен кем болмауы тиіс;
4. Байқау жобасының сыртқы бетінде:
–өлең шумақтарының атауы (тақырыбы);
– қатысушының аты-жөні (толықтай);
– мекен-жайы, телефоны; 
– оқу орны, мектебі, сыныбы көрсетілуі тиіс.

  Жеңімпаздар мадақтамамен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қазақша өлең шумақтарға:

I орын – 10000тг,

II орын – 5 000тг,

III орын – 3 500тг.
Орысша өлең шумақтарға:

I орын – 10000тг,

II орын – 5 000тг,

III орын – 3 500тг.

Сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Уалиханов 29-үй,

байланыс нөмірі: 3-34-94, kanat.bakbergen@mail.ru.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы