«ТАЗА СЕССИЯ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

1  020 көрілім

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен «Таза сессия» акциясы студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттауды көздейді. Негізгі мақсаты – емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу. Осы мақсаттағы шара университет ұжымы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өтті.

Акцияға қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері жөніндегі вице-президенті Әміреқұл Абуов, «Рухани жаңғыру» және тәрбие департаментінің директоры Ләззат Дина-шева, Академиялық мәселелер бойынша департамент директоры Талғат Ниязов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, сондай-ақ «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев, «Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері қатысты.

Кездесуде іс-шараға қатысушылар университет ғимаратында қойылған сенім жәшіктерін ашып, арнайы ситуациялық және студенттерге қызмет көрсету орталығы мен емтихан сұрақтарын өлшеу және бағалау бөлімі, қашықтықтан оқыту бойынша құрылған Call байланыс орталығының жұмыстарымен танысты.

Келесі кезекте оқу ордасының Академиялық мәселелер бойынша департамент директоры Талғат Ниязов барлық онлайн емтихандар moodle (dot.ayu.edu.kz) платформасында және Zoom, Webex Meetings, Microsoft Teams қосымшалары арқылы өтіп жатқандығын және бейнебақылау арқылы қадағаланып, сессияның өту барысына прокторинг жасайтын арнайы жұмыс тобы құрылғандығын айтты. Сондай-ақ, Парасаттылық орталығы мен арнайы бекітілген мамандар онлайн емтиханның өту барысын жіті қадағалап отыратындығын жеткізді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы